«Қазхром» компаниясы Ecovadis рейтингісінде ең жоғары бағаға ие болып, ICDA-ның жауапты хром өндірушісі мәртебесін растады

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ecovadis ESG рейтингісінің Платина медалімен марапатталып, тағы бір мәрте ICDA-ның жауап хром өндірушісі белгісіне ие болды.

Осымен үшінші жыл қатарынан «Қазхром» ТҰК» АҚ өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мен ESG саласындағы қызметіне бағалау жүргізу үшін Ecovadis тәуелсіз агенттігін шақырды.

Биыл да компания 2022 жылғы нәтиже – Ecovadis-тің Платина медалін растай алды. 100-ден 78 ұпай жинаған (2022 жылы 75-тен жоғары болған) Қазхром Ecovadis-тен жоғары баға ала отырып, қара металлургия компанияларының үздік 1% қатарына кіреді. Ал ERG хромын расымен де «платина» деп атауға негіз бар.

«Біз компаниямыздың Ecovadis-тің ESG рейтингі медалімен марапатталғанын қуана хабарлаймыз. Бұл – біздің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілікке шын берілгендігіміздің нәтижесі. Команда қызметіміздің барлық аспектілерін қамту үшін біраз еңбектенді және алған марапатымыз әлемге оң әсер ету қамындағы талпынысымызды паш етеді» — деп атап өтті Еуразиялық Топтың бас директоры Серік Шахажанов.

EcoVadis бағалауының қорытындысы бойынша Халықаралық хром өндірушілер қауымдастығы (ICDA) Қазхромға «Жауапты хром өндіруші» мәртебесін табыстады. Бұл кәсіпорын процестерінің хром жеткізушілерінің стандартты талаптарына сәйкес келетінін ғана емес, сонымен қатар олардың артықшылықтарын да көрсетті.

Тұтастай алғанда, «Қазхром» компаниясы орнықты даму қағидаттарына және өнеркәсіп қауіпсіздігі, қоршаған орта мен климатқа әсерді азайту, еңбек және адам құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, озық іскерлік этиканы қолдану мен корпоративтік басқару сияқты құндылықтарға негізделген өзінің ESG-бағдарламасын жүйелі түрде ісе асырып келеді.

«Қазхром»ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев:

«Ecovadis-тің ESG рейтингі медалі біздің ашықтығымыздың, тиімді басқаруымыздың және тұрақты болашаққа ұмтылуымыздың символына айналды. Бұл жетістік бізді экологиялық, әділ әрі орнықты әлем жолындағы күш-жігерімізді одан әрі жалғастыруға серпін береді. Біздің тұрақты күш-жігерімізді қолдайтын әрбір қызметкерге, тұтынушыға, серіктеске және стейкхолдерлерге алғыс білдіргім келеді»