ҚазҰУ түлектері – ұлт мақтанышы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі көшбасшы оқу орындарының бірі. Тоқсан жылдық тарихында университет талай дарынды жастарды тәрбиелеп, ел дамуына зор үлес қосқан тұлғаларды өмірге жолдама берді.
ҚазҰУ түлектері бүгінде мемлекет пен қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп, Қазақстанның абыройын арттырып келеді.Қасиетті қара шаңырақта білім алған түлектер ел игілігіне қызмет етуді өздерінің басты парызы деп біледі. Университеттің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы, заманауи оқу бағдарламалары мен ғылымға негізделген білім беру жүйесі түлектердің кәсіби және тұлғалық дамуына берік іргетас қалап отыр.
ҚазҰУ-дың Заң факультеті құқық саласындағы жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші орталық. Мұнда алған терең білім мен практикалық тәжірибе түлектерге елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Факультеттің түлектері қатарында сот жүйесі, прокуратура, адвокатура, әділет органдары мен құқық қорғау салаларында табысты қызмет етіп жүрген мамандар көп. Олар-елдің құқықтық мәдениетін дамытуға және әділетті қоғам қалыптастыруға үлес қосып жүрген азаматтар.Бүгінгі таңда университеттің түлектері тек Қазақстанда ғана емес, шетелдік ірі ұйымдар мен халықаралық құрылымдарда да абыройлы қызмет атқаруда. Олардың табысты еңбек жолы ҚазҰУ беделінің биіктігін көрсетіп, жас ұрпаққа үлгі болуда.
Университет қабырғасындағы “Түлектер қауымдастығы” түп тамыры бір түлектердің арасындағы байланысты нығайтып, білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл – ҚазҰУ рухының мызғымас дәстүрге айналғанының айғағы.
Заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы өз үлесін қосуда. Кафедра түлектері қоғамда әділеттілікті орнату, заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін көптеген қоғамдық жобалар мен бастамаларға қатысуда. Олар халықтың құқықтарын қорғап, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу үшін түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау ұйымдарында қызмет атқарады. Мұндай бастамалар Қазақстандағы заңнамалық өзгерістердің негізін қалауға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған.Кафедрамыздың түлектері тек құқық саласындағы мамандарды ғана емес, сонымен бірге болашақтың көшбасшыларын, қоғамды жақсартушы заңгерлерді дайындап жатыр және еліміздегі ең үздік білім ордасы ретінде өзінің тәжірибелі оқытушыларымен, жаңартылған оқу бағдарламаларымен, заманауи зерттеу әдістерімен танымал.
С.Ж. СУЛЕЙМЕНОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Заң факультеті азаматтық құқық,
азаматтық іс жүргізу және
еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,
заң ғылымдарының докторы, профессор



