ҚазҰУ тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды қалыптастыру жолында

Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықтың басты мақсаттарының бірі – тұрақты дамуды қамтамасыз ету. Осы бағытта Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 11, яғни тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды дамыту болып табылады. Бұл мақсат қалалардың қауіпсіз, тұрақты, қолжетімді және экологиялық тұрғыдан тиімді болуын көздейді.
Елімізде бұл бастама кеңінен қолдау тауып, білім беру мекемелері оның жүзеге асуына белсенді үлес қосуда. Соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұрақты даму қағидаларын білім беру жүйесіне енгізіп, жастардың экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. ҚазҰУ-да ТДМ 11 қағидаларын жүзеге асыру университеттің оқу, ғылыми және қоғамдық қызметінің маңызды бағыттарының біріне айналған. Университет қалалық ортадағы тұрақты даму мәселелерін зерттеуге, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы секілді бастамалар студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және олардың тұрақты даму идеяларын қолдауына ықпал етеді.
Университет кампусы да тұрақты даму қағидаларына негізделіп ұйымдастырылған. ҚазҰУ аумағында жасыл аймақтарды сақтау, экологиялық таза ортаны қалыптастыру және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады. Кампус аумағында ағаш отырғызу акциялары, экологиялық сенбіліктер және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Дәл осындай жобалар студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, олардың экологиялық санасының қалыптасуына ықпал етеді.Сонымен қатар университетте тұрақты қалалар тақырыбына арналған ғылыми зерттеулер де жүргізілуде. ҚазҰУ ғалымдары урбанистика, экология, тұрақты инфрақұрылым және қалалық жоспарлау мәселелерін зерттеп, ғылыми жобалар жүзеге асыруда. Жоғарыда аталған зерттеулер қалалардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қалалық ортаны тиімді басқаруға бағытталған.
Студенттердің белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын қоғамдық жобалар да ТДМ 11 мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етуде. Университет жастары еріктілік қозғалыстарына қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияларды ұйымдастырады. Сонымен бірге экологиялық форумдар, пікірталастар және білім беру семинарлары өткізіліп, тұрақты даму идеялары кеңінен насихатталады. ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастығы да тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Университет шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп ғылыми конференциялар, зерттеу жобалары және білім беру бағдарламаларын ұйымдастырады. Оқу ордамызда ТДМ 11 мақсаттарын жүзеге асыру білім беру, ғылым және қоғамдық қызмет арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Университет тұрақты даму қағидаларын қолдай отырып, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қалалардың тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған маңызды бастамаларды іске асыруда.
Г.М. АТАХАНОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Заң факультеті қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының профессоры



