Қонаев қаласында қар тазалайтын техника саны артты

Қазгидрометтің дерегіне сүйсенсек, бүгін түнде қалаға 2 мм қар жауып, қалыңдығы 15 см болды. Осы уақытқа дейінгі ақпаратта 24,5 мм қар түскенін хабарлағанбыз. Бұл – орташа айлық көрсеткіштен жоғары. Ал бүгін желдің жылдамдығы – 9-14 м/сек, ауа температурасы -16°С болып тұр.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, коммуналдық қызмет көрсетуші компания жұмысын тоқтатқан жоқ. Бұған дейін қалада қар тазалауға 13 техника жұмылдырылған болса, бүгін олардың саны 16-ға жетті. Қатарында қар тиеп, тазалайтын, жинақтап, сыпыратын ауыр көліктер бар. Сондай-ақ автомобиль жолдарын тазартуға 43 адам тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Нұрлан Құматаевтың тапсырмасына сәйкес, қысқы жол күтіміне жауапты мамандар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Алдымен шаһардың күре тамыры саналатын қоғамдық көлік жүретін жолдар, кейіннен ішкі жолдар тазаланады.