Қостанай облысында шахматтан турнир өтті

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай турнир ұйымдастырды.

Іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шахмат БЖСМ» — де (А.Уфимцев атындағы Шахмат клубы) өтті, оған Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен кәсіпкерлері қатысты.

Іс – шараға қатысушы кәсіпкер Мұхтар Ташмағамбетов атап өткендей, атаулы мерекелер қарсаңында шахмат турнирі осы күндердің маңыздылығын атап өтуге тағы бір себеп болды.

«Менің атам соғысқа қатысқан. Бүгінде әрбір отбасында болашақ ұрпақ үшін өшпес ерлік жасаған аталары мен әкелері туралы естелік сақталып келеді. Кәсіпкерлер осы зияткерлік ойынды ойнай білуде жарысты. Уақыт форматы өзгеруде, сондықтан бүгінде кітап оқу, шахматты дамыту маңызды», — деп атап өтті Мұхтар Ташмағамбетов.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Саят Жүсіпбеков турнирге қатысушыларды құттықтай отырып, осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

«Бүгінде Қостанай облысының бизнесі спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осылайша жас ұрпақ үшін үлгі көрсетеді», — деп сенеді Саят Жүсіпбеков.

Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды кәсіпкер Әділжан Зайкенов, 2 орынды Нұрлыбек Исмағұлов, 3 орынды Мұхтар Ташмағамбетов иеленді.

Шахмат турнирінің бас төрешісі Евгений Метелено шахматты танымал етудің маңыздылығына тоқталып, шахмат турниріне қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.