Қытайдағы сатылымдар бойынша HONOR №1 болды

Canalys халықаралық талдау компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, HONOR ғаламдық технологиялық бренді 2023 жылдың III тоқсанында сатылым көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Осылайша, көрсетілген кезеңде HONOR компаниясы 11,8 миллион смартфон сатып, нарықтағы жалпы үлестің 18% иеленді. Өткен тоқсанда барлығы 67,1 миллион смартфон сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз. Талдаушылар HONOR өнімдер желісінің бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ өткізу нарықтарының кеңеюі арқасында көшбасшылыққа жеткенін атап өтуде.

«Қытайда жергілікті өндірушілер арасында бәсекелестік өте жоғары. HONOR компаниясының бірінші орынға шығуы біздің өнімдеріміздің жоғары сапасын растайтын маңызды жетістік болып табылады. Компания бөлшек саудагерлерге де, жалпы тұтынушыға да қолжетімді орта санаттағы өнімдерді ұсынуға бағытталған. Бұл стратегия өзінің тиімділігін дәлелдеді», – дейді Джонибек Вэй, HONOR-дың Қазақстандағы аймақтық директоры.

2023 жылғы табыстылық үш жаңа жиналмалы смартфонның — HONOR Magic V2, HONOR V Purse және HONOR Magic Vs2 шығуымен байланысты. Премиум сегментінтегі жаңа құрылғылар (құны 600 доллардан асатын смартфондар) позицияларды нығайтты. Canalys талдаушылары өткен тоқсанда жалпы сатылымның аздап төмендеуіне қарамастан, жиналмалы телефондардың сатылымы оң динамика көрсеткенін атап өтті. «HONOR Magic V2 кітапша үлгісіндегі модельдер арасында бірінші орынды иеленді. Төртінші тоқсанға аяқ басып келе жатқанда, барлық смартфон өндірушілері жалпы өнімділікті жақсартуға дайындалуда және дәстүрлі түрде жылды жоғары сатылым көлемімен аяқтайды», — делінген зерттеуде. Сонымен қатар, HONOR компаниясы смартфондардың беріктігіне ерекше назар аударып, HONOR X50 моделін шығарды, бұл да 2023 жылдың III тоқсанында сатылым көлемінің артуына ықпал етті.

Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйегінде HONOR компаниясы IFA 2023 көрмесінде ең жеңіл және жұқа жиналмалы HONOR Magic V2 телефонын және концептуалды HONOR V Purse смартфонын көрсеткен болатын, бұл ретте HONOR Magic V2 «Best of IFA»-дің 21 қалаулы марапатына ие болды, ал HONOR V Purse дүние жүзіндегі танымал БАҚ-тан 9 марапат алды. Қазан айында HONOR 90 смартфоны «2023-2024 жылғы ең үздік смартфон» номинациясында жеңімпаз атанды. Байқауды Кескін және дыбыс сарапшыларының дүниежүзілік қауымдастығы (EISA) өткізді. Қазылар алқасының құрамына ондаған елдерден елуден астам сарапшы кірді. Жыл сайын Қауымдастық әртүрлі санаттардағы үздік өнімдерді таңдайды.

HONOR бренді Қазақстанда 2022 жылдан бері бар. Сатылу уақыты ішінде құрылғылар Қазақстанда да, әлемде де ең танымалдардың біріне айналып үлгерді. Компанияда бүгінде бренд қымбат емес X сериялы құрылғылардан бастап флагмандық HONOR Magic 5 PRO моделіне дейінгі смартфондардың кең ауқымын ұсына алатынын атап өтуде. 2023 жылдың қараша айының басында HONOR Қазақстанда әйгілі X сериясының соңғы қосымшасы – жаңа HONOR X9b смартфонының сатыла бастағанын хабарлады. Жаңа смартфонның басты артықшылығы – оның сынбайтын экраны. Құрылғы тіпті ең қатты беттерге құлап кетсе де сынбайды, ал оның соққыға төзімді технологиясы HONOR-ға әлемде бірінші болып швейцариялық SGS компаниясының бес жұлдызды сертификатын алуға мүмкіндік берді.