Lumiera кинотеатры туған күнінде «Barbie» фильмінің алғашқы көрсетілімін ұйымдастырды

Алматыдағы ең танымал кинотеатрлардың бірі Lumiera Cinema өзінің туған күнін ерекше атап өтті. БАҚ өкілдері, блогерлер және танымал өнер майталмандары бас қосқан кеште «Барби» премьерасы өтті. Сонымен қатар, жабық көрсетілімде қонақтардың назарына ерекше фотосессиялар, дәмді тағамдар мен қызықты викторина күтіп тұрды.

Lumiera Cinema-ның туған күні серіктестері by Ata винокурня, LEMOBOOM бренді, Artus, Ahmad Tea, Mary Kay компанияларының арқасында туған күн шарасы ерекше өтті. Кеш қонақтар арасында әр түрлі сыйлықтар ойнатылды. Ең стильді «қуыршақ» макияжына арналған Mary Kay компаниясының жазғы шектеулі топтамасы бар әдемі Барби қорабы кино залдарда Happy Places иелеріне ұсынылды.

Кинотеатр 2016 жылы Арбатта аты аңызға айналған Орталық әмбебап дүкенінің ғимаратында ашылды. Кинотеатрдағы жайлы алты зал күніне мыңға жуық көрерменді қарсы алады. Кинотеатрдың ауданы 6 мың шаршы метрді құрайды. Кинотеатрдың жобасын Atelier ACHATZ Architekten неміс сәулет бюросы жасаған.
Кинотеатр жеті жылдық мерейтойын «Sulpak Cinema» студиясының арқасында өткен «Барби» атты жаңа фильмнің премьерасымен атап өтті.

«Барби» фильмінің әлемдік премьерасы 9 шілдеде өтті, қазақстандық көрермен бұл фильмді 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап тамашалай алады.

Кішкентай қыздардың сүйікті қуыршағы Барбидің Барбилендтен қуылғаны туралы оқиға. Шынайы әлемде жаңа өмірді бастайтын қуыршақ Барби әр түрлі қызықты әрі соқпалы жағдайларға түсіп, жаңа жандармен дос болады. «Барби» кейіпкерлерінің басына түскен жағдай фильмді одан әрі күлкілі және қызықты етеді.  Сол себептен жаңа фильм жас шектеусіз қыздарды да, ұлдарды да қызықтыратыны сөзсіз.