«Мектеп OnLine – бәрі жүзеге асады!» байқауы басталды

YouTube желісіндегі «Mektep OnLine» ғажайып жобасына 3 жыл толуына орай арнайы байқау жарияланды.

ТЕХНОДОМ компаниясымен бірлесе отырып,YouTube, Tik-Tok және Instagram әлеуметтік желілері үшін қысқа бейнелер жасау байқауы басталады.

Байқау шарты бойынша, кез келген қатысушы өз қиялы мен әзілін қоса отырып, шығармашылдық қабілетті көрсету керек. «Мектеп OnLine» жобасымен тәжірибеңіз туралы айтып беріп, бірегей қысқа бейнеролик жасау шарт.

Бәлкім, сүйікті мұғалім немесе жобаға қатысты қызықты оқиға бар шығар. Mektep OnLine-ді не үшін жақсы көретінін айтуға болады.

Әр идея маңызды!

Бейне 1 минутқа дейін, қазақ немесе орыс тілінде, тік форматта болуы керек. Қатысушылар – 18 жасқа дейінгі жас таланттар.

20 үздік бейнежұмысты таңдай отырып, сыйлықтар табысталады. Бас жүлде  — 20 НОУТБУК!

Сондай-ақ, велосипедтер, планшеттер, Smart  колонкалар, Smart -браслеттер және Lerna онлайн платформасынан GeekSchool оқу курстары бар.

📌 Қатысу шарттары:

Tik-Tok немесе Instagram желісінде #mektep_online_kz #technodomkz #aruzhan_sain хэштегтерімен өз бейнеңізді орналастырыңыз.

Tik-Tok, Instagram және YouTube желілеріндегі Mektep OnLine және Technodom аккаунттарына жазылыңыз (@mektep_online_kz, @technodomkz, @aruzhan_sain).

Өзіңіз туралы қысқаша ақпаратпен бірге MO@mail.kz мекенжайына бейне немесе жүктеу сілтемесін жіберіңіз.