«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының лауреаттары анқыталады

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы лауреаттарын Х мерейтойлық салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы – елімізде жанұя құндылықтарының рөлін арттырып, отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды оқиғалардың бірі.
Конкурсқа 10 жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Биыл Конкурсқа 3 344 отбасы қатысты. Олардың 40% қалалық және 60% ауылдық отбасылар.
Түрлі кәсіп пен еңбек әулеттерінен құралған 20 отбасы – өңір жеңімпаздары атанды. Олардың қатарында ұстаздар, қолөнершілер, металлургтер, әскери қызметшілер, кәсіпкерлер, агроөнеркәсіп саласының мамандары бар.