Милан–Кортина Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар финалға өтті

Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов (8:27.9), Юрий Березин (9:49.9) мен Сергей Усольцев (10:00) пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңін еңсеріп, финалға жолдама алды.

Аталған дисциплинада тұрып жарысатын спортшылар қатарында Александр Герлец те сынға түседі.

Жарыстың тікелей эфирі Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 14:50-де көрсетіледі.