NIS командасы ТІРЕК МЕКТЕБІНДЕ «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2024» байқауын өткізді

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы   NIS Жамбыл ауданы Ұзынағаш кентіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебінің   мұғалімдері арасында  «Жылдың үздік мұғалімі –2024» мектепшіл байқауын өткізді. Осымен екінші рет ұйымдастырылған шараға мұғалімдер аса белсенділік танытып, педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуеттерін көрсетуге тырысты.

Зияткерлік мектебінің педагогтары қазылар алқасы ретінде мұғалімдерді байқаудың үш кезеңінде бағалады.  Әрбір қатысушы оқытудың тиімділігіне және белсенді әдістері арқылы барлық оқушыларды оқу процесіне тартуға баса назар аудара отырып, өз пәні бойынша ашық сабақтарын ұсынды.

Мұғалімдер топтық жұмыс, тапсырманы талқылау, проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар сынды түрлі оқыту әдістерін кеңінен қолдануға тырысты. Барлық сабақтарда компьютерлік презентация, заманауи оқыту интернет-платформалары қолданылды, сабақ барысында уақытты тиімді және пайдалы пайдалануға ғана емес, сонымен қатар тақырыпқа деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік берді,– деп  бөлісті  ашық сабақтарды қойылған критерийлері бойынша бағалаған NIS командасының мұғалімі Гаухар Дауленбаева.

«Мен тұлғамын, мен мұғаліммін» кезеңінде қатысушылар өзін-өзі таныстырып, жеке тұлғалық ұстанымындарын, кәсіби имиджін және оқыту тұжырымдамасын көрсете білді.

«Педагогикалық жағдайят» айналымында ұстаздар оқыту барысында кездесетін күрделі педагогикалық кейстердің шешу жолдарын рөлдік ойын, қойылым арқылы көрсетті.

«Жыл мұғалімі -2024» байқауы  өз оқушыларын шабыттандырып, дамыта алатын талантты оқытушыларды анықтап, жеңімпаздарды атады.

Байқаудың Бас жүлдесі және «Үздік мұғалім-2024» атағына  қазақ тілі мұғалімі Ерназарова Тұрдыгүл ие болды.

Бірінші орын тарих мұғалімі Дәулет Ылғарға, екінші орын  биология пәнінің мұғалімі Бекетова Ақжарқын мен орыс тілі пәнінің мұғалімі Тлеубердиева Заурешке берілді, үшінші орында — математика пәні мұғалімі Тұрсынбек Гүләрә, Тәңірбергенова Арман -ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және Амиров Арнат- тарих пәнінің мұғалімі. Сонымен қатар, бірқатар мұғалімдерге  NIS атынан «Алғыс хат» табысталды.