Нұрлан Смағұлов Хамитовқа Chery көлігін атап, паралимпиадашыларға сыйлықтар табыс етті

Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің негізгі серіктесі.
Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов 2026 жылы Италияда өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовқа Chery Kazakhstan атынан Chery Tiggo 7 көлігін табыстады. Салтанатты іс-шара Алматыдағы Chery Al-Farabi дилерлік орталығында өтті.
ҚР Ұлттық қысқы паралимпиада құрамасының барлық мүшесіне, тренерлер штабы мен медицина қызметкерлерінің әрқайсысына Astana Motors атынан 5 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар берілді.
Сонымен қатар, Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің негізгі серіктесі ретінде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып, инклюзивті ортаны дамытуға үлес қосып келеді. Компания 2025 жылдан бері қайырымдылық көмек ретінде жыл сайын 147 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетеді.
Осылайша, Astana Motors компаниясының Chery бренді арқылы паралимпиада спортшыларына екі жыл ішінде көрсеткен қаржылық қолдау сомасы 386,5 миллион теңгені құрады.

Ақшалай сертификатты паралимпиадашылар Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Нұрлан Алимов және Анна Грачова алды. Сондай-ақ, сертификатқа бас тренер Василий Коломиец, аға тренер Евгений Рыбинцев, қысқы паралимпиада тренері Антон Жданович, гид-тренер Ермек Ормантаев және тренер Аслан Тоқбаев ие болды. Сапарда командамен бірге сервисмен Виктор Васильев пен Константин Рыбинцев, сондай-ақ команданың бас дәрігері Нұрсұлтан Еникеев, массажист-дәрігер Нуриля Альменова және массажист Ярослав Кочеров еріп жүрді.
«Біз спортшыларымызбен мақтанамыз. Олардың нәтижелері қайсар мінездің, тәртіп пен нағыз спорт рухының үлгісі. Біз үшін адамдарға шабыт сыйлайтын және қоғамның адам мүмкіндіктеріне деген көзқарасты өзгертетін жобаларды қолдау маңызды. Паралимпиадашылардың жеңісі тамсандырады, ал бізді алға жылжуға жетелейді», – деді Нұрлан Смағұлов.
ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев бизнес тарапының қолдауы паралимпиада құндылықтарын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Astana Motors және Chery брендімен серіктестігіміз бізге паралимпиада қозғалысын дамытуға және оны қоғамның маңызды бөлігіне айналдыруға көмектеседі. Біздің серіктестігіміздің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейту, кедергісіз орта жасауға көмектесу және Қазақстан паралимпиадашылар рухының күшін көрсету», – деп атап өтті Қайрат Боранбаев.
2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы екі дисциплина, яғни пара шаңғы жарысы және пара биатлон бойынша бақ сынасты. Команда құрамында жеті спортшы кіріп, Ойынға қатысуға жалпы саны 11 лицензия алды.
Ербол Хамитов жарыстың басты қаһарманы атанды. Ол 4,5 км биатлон жарысында 9:39 уақытпен финалға шығып, Паралимпиаданың тарихи алтын медалін жеңіп алды. Сонымен қатар шаңғы жарысында (отырып жарысу) қола медальдің жеңімпазы атанды. Ербол Хамитов әлемдік паралимпиада спортының көшбасшыларының бірі саналады. Ол – паралимпиада шаңғы жарысы мен биатлоннан әлем чемпионы, сондай-ақ биатлоны бойынша Үлкен хрусталь глобусы әлем кубогының иегері.
«Бұл медаль – үлкен командалық жұмыстың нәтижесі. Тренерлерге, командаға және барша Қазақстандағы паралимпиада спортын қолдаушыларға рахмет. Осындай қолдау бізге жаттығу жасап, жеңіске жетуге күш береді», – деді Ербол Хамитов.
Astana Motors және Chery бренді спортшыларға жаңа мүмкіндіктер жасап, қоғамдағы инклюзия мәдениетін нығайта отырып, Қазақстанда паралимпиада спортының дамуын одан әрі қолдауды жалғастыра береді.




