OMODA C5 — «фишкасы» бар көлік

Жақында ғана Қазақстан нарығына келген Omoda C5 кроссовері өз тұтынушыларын таба білді. Оған себепкер көлік сатып алу шарттары мен тиімді ұсыныс.

Omoda брендінің барлық жаңалықтарын тұрақты түрде жариялап келе жатқандықтан тест-драйв бағдарламасымен С5 көлігін айдап көрдім.

Бірден көзге түсетін дүние ол көліктің дизайны. Бір қарағанда С5 әдеттегі көліктерге ұқсамайды, алдыңғы бөлігі дөңгелектелген, ірі радиатор торының үлгісі бар, ол алдыңғы бампердің бөлігі сияқты, бірақ сонымен бірге бөлек бөлік болып табылады. Көліктің шамдары да ірі, қараңғы уақытта сапалы жарық береді.

Көліктің ішкі дизайны жинақы, орындықты жылжыту, мультимедияны қосу, айналарды түзету функциялары ыңғайлы.

Көлік айдағанға жеңіл, жүргізуші мен жолаушылар өздерін жақсы сезінеді, тек тежегіш автоматты түрде жұмыс жасап кеткен кезде қолайсыздық тудырады. Сол үшін баптауларда оны алдын ала реттеп қойған абзал.

Жүк салғыш орны кең болғанымен көлемі жағынан өте қарапайым (400 литрден аз) болып шықты, тіпті ілгектер, торлар, қалталар  секілді жүкті бекіту құралдары жоқ.

Қараңғы уақытта екі жақтағы айнаға қарасаңыз, жерге ОМОДА деген жазудың түскенін байқайсыз. Бұл көліктің керемет «фишкасы»!

Көліктің бүгіндегі бағасы 11 890 000 теңгеден басталады. Толық ақпаратты ресми сайттан немесе дилерлік орталықтан табуға болады.

Ал сатып алмас бұрын міндетті түрде тест-драйв бағдарламасымен көлікке мініп көріңіз. Бұл өте маңызды!

Өз басыма көлік ұнады, жолда қалдырған жоқ.

Көлікті айдаған Ғазиза Ұзақ