Өнімділік дағдарысы 2026: жұмыс күніне қатысты зерттеу нәтижелері

Жасанды интеллект әдепкі тапсырмаларды өзіне алып, жұмыс кестесін жеңілдетті. Алайда біз әлі де өткен ғасырдағы кеңсе стандарттарымен жұмыс істеп келеміз. Әлем бойынша қолданушысы бар Битрикс24 платформасы зерттеу жасап, 1000-нан астам адамнан жұмыс күнінің құрылымын талдады.
Зерттеу барысында энергияның төмендеуі, дененің шаршауы және зейіннің жоғалуы анықталды. Бұл жалқаулық емес, жұмыс процесінің ескірген әдістерімен байланысты.
Қарапайым қызметкердің жұмыс күні қандай? Қатысушыларға «Жұмыс кезінде сіздің жағдайыңызға ең көп не әсер етеді?» деген сұрақ қойылды. Нәтижелер отырып жұмыс істейтін өмір салты мен цифрлық жүктеменің жоғары екенін көрсетті.
Негізгі мәселе – физикалық жағдай: жауап бергендердің 32% – дұрыс отырмаудың салдарынан арқа және мойын ауруына шағымданған, 29% – көздің созылмалы шаршауын сезетіндігін айтқан, 21% – түстен кейін күштің күрт төмендеуін байқаған, 15% – ешқандай айқын мәселе жоқ екенін айтып, Битрикс24 құралдары көмектесетінін атап өткен және 3% – гибридті форматтағы (үй-кеңсе) алаңдаушылық факторларын көрсеткен.
Көздің шаршауы (29%) монитор алдында ұзақ отыру мен үнемі түрлі парақшалар арасында ауысудан туындайды. Яғни, әртүрлі беттерге кіріп, әр қайсына уақыт бөлесіз. Битрикс24-те енгізілген жаңа интерфейс бұл жүктемені азайтуға бағытталған. Жүйе артық бөлімдер мен беттерді жойып, қолданушыға тек нақты тапсырмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Егер маман CRM-де мәмілемен жұмыс жасаса, ол соны ғана көреді – қосымша бөлімдер мен қойындылар көрінбейді.
Түстен кейінгі ұйқышылдық – бәріне таныс құбылыс. Бірақ зерттеу бұл тек тамаққа байланысты емес екенін көрсетті. Қатысушылардың 30% – таңертеңгі хаостан (хабарламалар, шұғыл тапсырмалар) кейін зейінді шоғырландыру қиын екенін айтады, 19% – түстен кейін бірден ұйқышылдық сезінеді, тағы 19% – күнді тым қарқынды бастап, кейін энергиясы тез таусылады, 18% – үзіліс жасауды ұмытады немесе үлгермейді, 14% – таңғы жиналыстардан кейін эмоциялық және менталдық шаршауды сезінеді.
500 қызметкері бар компания үшін бұл үлкен шығын. Егер қызметкерлердің 30%-ы күніне 1 сағат өнімді уақытын жоғалтса, аптасына 750 сағат тиімді жұмыс жоғалады деген сөз.
Шешім – «менталдық энергияны» дұрыс басқару. Маңыздысы – энергия беретін және энергия алатын тапсырмаларды ажырату. Бұл тек қызметкерлердің емес, басшылықтың да міндеті. 2026 жылы тиімділіктің кілті – энергияны дұрыс бөлу.
Қызметкерлер жұмыс құралдарының ішінде wellness-функциялардың болғанын қалайды, бірақ қарапайым болса деген тілектері бар: 29.47% – жеңіл ескертулерді қалайды (мысалы, орныңыздан тұрып, қозғалыңыз), 26.67% – мұның нақты тиімді болатынының дәлелін күтеді, 16.14% – бақылаудан қорқып, күмәнмен қарайды, яғни «Еске салу – иә, толық бақылау – жоқ».
Жоғары өнімділік қысым арқылы емес, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс күні арқылы қалыптасады. Биылғы жылдың басты ұстанымы, ойы: ең табысты компаниялар – қызметкерлердің энергиясын сақтай алатын компаниялар.
Назарды ең құнды ресурс ретінде қабылдау қажет. Битрикс24 немесе кез келген басқа жүйе болсын – бұлар тек көмекші. Негізгі принцип өзгермейді: жұмыс зейінді талап етеді.
Қызметкерді «түзетуге» тырысуды тоқтатып, дұрыс құралдар мен тиімді жүйені енгізу қажет.




