Porsche Алматы қаласынан бастау алған Орталық Азиядағы жаңа кезеңін бастады

Porsche Experience халықаралық бағдарламасы алғаш рет Орталық Азияда өтті. Бұл шара Orbis Auto автомобиль тобына кіретін Қазақстандағы Porsche ресми импорттаушысының күш-жігерінің және Porsche Central and Eastern Europe қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстан осындай бірегей оқиға өткен бұл өңірдегі бірінші ел болды. Оған Қазақстан, Түркия, Франция, Әзірбайжан, Румыния, Өзбекстан және басқа елдерден 130-дан астам қатысушы жиналды. Porsche Experience-тің бірегей форматы трек жарыстарының динамикасын, көркем саяхат пен мәдени алмасуды біріктірді.
Жобаның негізгі серіктесі – «Сокол» спорттық-техникалық кешені. Дәл осы жерде, 2025 жылы жаңартылған автодромда Porsche Experience бағдарламасы бастау алды. Ұзындығы 4 495 метр, оның ішінде 13 бұрылыс және 250 км/сағаттан жоғары жылдамдықты үдетуге мүмкіндік беретін түзу жол марка автомобильдерінің мүмкіндіктерін көрсету үшін тамаша алаңға айналды.
Жарыстар брендтің сертификатталған спорт жаттықтырушыларының жетекшілігімен 12 Porsche көлігінің қатысуымен өтті. Porsche халықаралық бағдарламаларынан өткен нұсқаушылар қауіпсіздікті барынша арттырып, жарыс трассасында машиналардың әлеуетін ашуға көмектесті. Қатысушылар аты аңызға айналған 718 және 911 спорткарларың, Taycan электркарын, Panamera бизнес-седанын және флагмандық SUV Macan және Cayenne көліктерін сынап көрді.
Келесі күні 14 Porsche көлігінен тұратын колонна ұзындығы 200 км болатын Шарын шатқалына саяхат жасады. Ай шатқалындағы арнайы ұйымдастырылған кемпингте қазақтың нағыз киіз үйі тігіліп, қонақтарға түскі ас берілді.
«Қазақстандағы Porsche Experience – бұл жылдамдық пен эмоция ғана емес, сонымен қатар елдегі автомобиль мәдениетін дамытудың жаңа кезеңі. Біз Қазақстанның заманауи спорттық стандарттар мен өңірдің бірегей туристік мүмкіндіктерін үйлестіре отырып, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды қабылдауға қабілетті екенін көрсеттік», – деп атап өтті Porsche Kazakhstan директоры Гаухар Ғабдрахимова.
Porsche Experience Kazakhstan бірінші маусымына барлығы 130-ден астам адам қатысты, оның ішінде-іс-шара аясында Қазақстанға алғаш рет келген 60-тан астам шетелдік қонақ болды. Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін арнайы көрсетілім ұйымдастырылды, сондай-ақ халықаралық телеарналар үшін түсірілім жүргізілді. Porsche Experience бағдарламасы барлық қатысушыларға ұсынылған модельдер ауқымын жеке сынауға және қай модель олардың стилі мен сипатына тамаша сәйкес келетінін сезінуге бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Porsche Experience Kazakhstan бағдарламасын іске қосу бренд жанкүйерлері үшін көптен күткен оқиға ғана болып қоймай, сонымен қатар ел экономикасы мен имиджінің дамуына өз үлесін қосты. Ұйымдастырушылардың есептеуі бойынша, жоба аясында Алматы қаласының қонақүйлерінде 300-ден астам түн қамтамасыз етілді және мейрамханаларында келушілер саны 500-ден асты, бұл қонақжайлылық индустриясына тікелей әсер етті.
Porsche Experience Kazakhstan іс-шарасы еліміздегі автомобиль спорты мен жүргізу мәдениеті жаңа деңгейге көтерілгенін, ал жаһандық бренд пен жергілікті инфрақұрылым серіктестігі болашақ ауқымды жобаларға жаңа бастау болатынын көрсетті.