Рекордтық көрсеткіш: АҚШ пен Қазақстанның білім саласындағы серіктестігі жаңа деңгейге жетті

Қазақстанда жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны қарсаңында АҚШ-тың Қазақстандағы Миссиясы қуанышты жаңалықпен бөліседі: АҚШ университеттерін таңдайтын қазақстандық студенттер саны бұрын-соңды болмаған деңгейде өсіп келеді. Қазіргі уақытта АҚШ-та 3 000-нан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Бұл — соңғы бес жылдағы 70 пайыздық өсімнің көрсеткіші.
Тағы бір маңызды көрсеткіш — «Болашақ» бағдарламасының стипендиясының иегерлері үшін Америка Құрама Штаттары негізгі бағытқа айналған. Бүгін бағдарлама қатысушыларының 60 пайыздан астамы АҚШ университеттерінде білім алады, ал үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 42 пайыз болған. Бұл өсім АҚШ-тағы жоғары білімнің сапасын және қазақстандық дарынды студенттердің ұмтылысын көрсетеді.
Студенттер неліктен Американы таңдайды? Америкалық университеттер жаһандық рейтингтерде көш бастап тұр: Times Higher Education рейтингінде алғашқы ондықтың жетеуі АҚШ оқу орындары, ал QS World University Rankings тізімінде АҚШ-тың 192 университеті бар. Бұл — кез келген басқа елмен салыстырғанда екі есе көп.
АҚШ пен Қазақстан арасындағы білім беру серіктестігі тек студент алмасумен шектелмейді. Біз қос диплом бағдарламалары мен салалық серіктестіктер арқылы америкалық білім беру тәжірибесін қазақстандық оқу орындарына енгізіп, технология, инновация және кәсіпкерлік салаларында білікті мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастырып келеміз.
Біз Қазақстандағы және АҚШ-тағы америкалық университеттерде білім алатын қазақстандық студенттер санының одан әрі артуына қуаныштымыз. Жаңа білім белестерін бағындыруға тілекшіміз!
U.S. Embassy & Consulate in Kazakhstan




