Самокаттарды реттеудің теңгерімді моделі: Моңғолияның жаңа заңы қазақстандық кикшеринг тәжірибесіне негізделді

2023 жылдың жазында Улан-Батор қаласында қызметін бастаған JET компаниясы Моңғолия Парламенті (Ұлы Хурал) депутаттарымен тығыз ынтымақтастық орнатты. Соның нәтижесінде заң жобасын әзірлеу барысында қазақстандық кикшеринг тәжірибесі Моңғолиядағы Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңның жаңа редакциясы үшін сараптамалық бенчмарк ретінде алынды.
2025 жылдың сәуір айында іске асырылатын әрі тиімді құқықтық база қалыптастыру мақсатында моңғолиялық парламентарийлер кикшеринг нарығындағы барлық операторларды талқылауға тартты. Негізгі кезеңдердің бірі – халықаралық тәжірибені зерделеу болды. Заң жобасы аясында Ұлы Хуралдың жұмыс тобы Қазақстанның Астана және Алматы қалаларына жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік реттеу тәжірибесімен, құқық қолдану практикаcымен жан-жақты танысты. Сондай-ақ JET компаниясына барып, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бизнес-процестер мен технологиялардың ерекшеліктері жөнінде терең мағлұмат алды.
Сараптамалық консультациялар мен құқық қолдану тәжірибесін талдау нәтижесінде Моңғолияның мемлекеттік органдары Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңның жаңа нұсқасын әзірлеуді аяқтады. Бұл заң электросамокаттар сегментін реттеуге арналған тиімді әрі функционалды шешімдер кешенін қамтиды және жол қозғалысының жалпы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Моңғолияның тәсілі
1. Жауапкершілікті нақты бөлу және инфрақұрылым
-
Жергілікті биліктің жауапкершілігі: Заңда әкімдерге (Қазақстандағы әкімдерге ұқсас) микромобильділікті дамыту, қалалық инфрақұрылымды қалыптастыру және арнайы тұрақ орындарын ұйымдастыру бойынша тікелей міндет жүктелген. Қауіпсіз қызмет көрсетуге жағдай жасау – жергілікті биліктің жауапкершілігі.
-
Шешімдердің ашықтығы: Операторлар қозғалысқа қатысты кез келген шектеу немесе тыйым енгізудің себептері мен шарттары туралы биліктен ақпарат алуға құқылы. Бұл норма бизнес пен билік арасындағы диалогты бекітеді.
-
Деректерге құқық: Пайдаланушылардың келісімімен олардың дербес деректерін жинау және өңдеу құқығы беріледі. Бұл міндетті сәйкестендіру мен верификация рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажет.
2. Жас және жылдамдық талаптары
-
Жүргізу жасы: Электросамокатты 16 жасқа толған тұлғалар басқара алады. Жас шегі құқықбұзушылық үшін жауапкершілік басталатын жаспен байланысты.
-
Тротуардағы жылдамдық: 10 км/сағ шектеу енгізілген, жаяу жүргіншіге сөзсіз басымдық беріледі («кедергі келтірмеу және қауіп төндірмеу» қағидаты). Кедергі келтірілген жағдайда пайдаланушы жауапкершілікке тартылады.
-
Жоғары жылдамдықты көлік (>25 км/сағ): 25 км/сағ-тан жоғары жылдамдықтағы көлік үшін 18 жас, «A» санатындағы жүргізуші куәлігі және қорғаныш дулығасы талап етіледі. Мұндай көлік құралдары мотокөлікке теңестіріледі.
3. Тыйымдар және жауапкершілік мәдениеті
-
Ата-аналардың жауапкершілігі: 16 жасқа толмаған балалардың электросамокат басқаруына жол бермеу ата-аналардың міндеті ретінде бекітілген.
-
Телефон қолдануға тыйым: Электросамокатты басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады.
-
Мәдениет қалыптастыру міндеті: Кикшеринг операторлары азаматтардың қауіпсіз қатысуына ықпал етіп, жеке мобильділік құралдарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыруға міндетті.
-
Бүлдіруге тыйым: Электросамокаттарды зақымдауға немесе жоюға тыйым салынады.
«Моңғолиядағы заң жобасының финалдық редакциясы жұмыс істемейтін нормалардан бас тартып, елеулі өзгерістерге ұшырады. Қабылданған нормалар бизнес пен билік арасындағы диалог арқылы қалыптасқан микромобильділікті дамытудағы байыпты тәсілді көрсетеді. Нәтижесінде жаңа заң өңірдегі ең прогрессивті әрі қауіпсіз құқықтық базалардың бірін қалыптастырып, Қазақстан заңнамасында әлі де бар олқылықтарды жояды. Қазақстандағы заңның жаңа редакциясы да осындай жан-жақты әрі ақылға қонымды болады деп үміттенемін», — деді JET компаниясының CEO-сы Мусалав Алибеков.




