Narxoz University сапалы білім беру қағидаттары – болашақ маман даярлаудың басты негізі

Қазіргі таңда білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күн сайын артып келеді. Жаһандану үдерісі, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығындағы өзгерістер жоғары оқу орындарынан жаңа көзқарас пен сапалы даярлықты талап етеді. Осындай жағдайда білім ордалары тек теориялық білім берумен шектелмей, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, кәсіби әрі жауапкершілігі жоғары мамандар қалыптастыруға басымдық беруде. Осы бағытта Narxoz University сапалы білім беру қағидаттарын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан жетекші оқу орындарының бірі саналады.
Сапалы білім беру тек оқу бағдарламаларын меңгерумен ғана шектелмейтін кешенді ұғым. Ол білім алушының сыни ойлау қабілетін дамыту, кәсіби машықтарын жетілдіру, заманауи технологияларды игеру және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Университеттің білім беру жүйесінде дәл осы қағидаттарға ерекше назар аударылады.Бүгінде оқу ордасында студентке бағдарланған оқыту моделі қалыптасқан. Бұл тәсіл білім алушының жеке қызығушылығын, қабілеті мен болашақ мамандығына деген бейімділігін ескеруге мүмкіндік береді. Студенттер тек дайын ақпаратты қабылдаушы емес, оқу процесінің белсенді қатысушысы ретінде қарастырылады. Олар түрлі жобаларға қатысып, пікірталас алаңдарында өз ойларын еркін жеткізіп, тәжірибелік жұмыстар арқылы кәсіби дағдыларын шыңдайды. Университеттегі сапалы білім берудің негізгі ерекшеліктерінің бірі теория мен тәжірибенің ұштасуы. Қазіргі еңбек нарығында тек академиялық білім жеткіліксіз. Сондықтан студенттердің тәжірибелік машықтарын арттыруға басымдық беріледі. Болашақ мамандар өндірістік тәжірибеден өтіп, түрлі ұйымдармен бірлескен жобаларға қатысады. Сонымен қатар, оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу де сапалы білім берудің маңызды бөлігіне айналған. Қазіргі жастар үшін технология – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Осыны ескерген университет заманауи білім беру платформаларын, интерактивті оқыту әдістерін және цифрлық ресурстарды кеңінен қолданады. Мұндай тәсіл студенттердің ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық және аналитикалық ойлауын қалыптастырады.
Білім сапасын арттыруда академиялық адалдық қағидаттарының орны ерекше. Университетте әділ бағалау, ғылыми еңбектердің түпнұсқалығын сақтау, плагиаттың алдын алу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Аталған әрекет студенттердің жауапкершілігін арттырып, болашақ кәсіби қызметінде адалдық пен әділеттілікті басты құндылық ретінде қабылдауына ықпал етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары да оқу процесінің маңызды бағыты болып табылады. Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми бастамаларына қолдау көрсетіліп, конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен ғылыми жобалар ұйымдастырылады. Әсіресе құқық, экономика, мемлекеттік басқару және цифрландыру салалары бойынша жүргізілетін зерттеулер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.Сапалы білім беру қағидаттары халықаралық тәжірибемен де ұштасып жатыр. Университеттің халықаралық серіктестіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен шетелдік тәжірибелерді енгізуі студенттердің білім көкжиегін кеңейтеді. Білім беру жүйесінде тәрбиелік бағыттың да маңызы зор. Университет қабырғасында жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу бағытында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Қазіргі қоғамға тек білімді ғана емес, ойы ашық, жаңашылдыққа бейім, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандар қажет. Сондықтан сапалы білім беру қағидаттарын жүйелі жүзеге асыру уақыт талабы. Осы бағыттағы жұмыстар жастардың кәсіби дамуына ғана емес, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға да өз үлесін қосады.Бүгінде сапалы білім – мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі. Ал заманауи талаптарға сай білім беру жүйесін қалыптастыру болашаққа салынған маңызды инвестиция. Осы тұрғыда университеттің білім беру саласындағы бастамалары мен ұстанымдары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып қала береді.
Э.С. КУАНДЫКОВА,
Нархоз Университетінің
Құқық және мемлекеттік басқару
мектебінің PhD докторы,
қауымдастырылған профессор




