Сәулетші: Алматының дәстүрлі тарихи орталығын сақтау маңызды

Бұл ретте мемлекет те, жеке бизнес те үлкен рөл атқарады, деп есептейді белгілі сәулетші, Ink Architects негізін қалаушы Нұрлан Камитов.

Қаланың тарихи орталығы – қарапайым аудан емес, бүкіл көшелер мен ғимараттар біздің мұрамыз және өткен ғасырлардағы мәдениет пен дәуірді еске түсіретін қаланың тірі жады.

Мысалға, Алматыда Желтоқсан, Абай, Қонаев, Қабанбай батыр көшелерінің шегіндегі  “алтын шаршы” тарихи орталық болып саналады. Бұл ерекше сәулетті ежелгі ғимараттар мен мәдени нысандары бар аудан. Бұл ежелден қала тұрғындары мен туристер үшін тартымды нүкте. Оны сақтап қалсақ, осы орталықтың құндылығы және оған қала қонақтарының назары жылдар бойы арта түседі, дейді сәулетші.

Бұған дейін БАҚ–та Алматының тарихи орталығының жаңа шегі Райымбек даңғылы – ШАЖ – Әл–Фараби даңғылы – Розыбакиев көшесі-Тілендиев көшесі болып белгіленгені хабарланған болатын.

Сол арада, оңтүстік астананың “алтын шаршы” дәстүрлі тарихи қала орталығы соңғы ғасырларда табиғи түрде қалыптасты. Дәл осы жерде бір кездері Алматы елдің мәдени, саяси орталығы ретінде қалыптаса бастады, сол кездегі зиялыларымыздың басым бөлігі осында өмір сүрді.

Сондықтан, Нұрлан Камитовтың пікірінше, қаланың осы шағын тарихи орталығын сақтауға баса назар аудару қажет. Бұл жерде шектер нақты белгіленіп, тарихи нысандар мен қолданыстағы құрылысты сақтаудың, сондай-ақ оларды қала тұрғындары мен бизнес жақтан күтудің ерекше ережелерін енгізу мүмкіндігі бар. Бүкіл өркениетті әлемдегідей, тарихи орталықта құрылыс,  қайта жаңарту, жөндеу және тиісті эстетикалық көріністі сақтау қағидаларына бағыну маңызды. Бұл жарықтандыруға, ландшафтқа және коммерциялық компаниялардың айналасына жасайтын әртүрлі  күтіміне де қатысты.

Қаланың тарихи бөлігіндегі кәсіп иелері ғимараттардың қасбеттерін қайта құруға немесе қайта жоспарлауға, тиісті деңгейде ұстауға және жөндеуде белгілі бір материалдарды пайдалануға рұқсат алуы керек. Нақты бір әрлеу материалдарын, түстерді және архитектуралық шешімдерді қолдану қажет болуы мүмкін.

Тарихи орталықтағы ғимараттардың сыртқы келбеті жоғалмау үшін қаланың дизайн кодында қалпына келтіру регламентін көрсету маңызды. Мұндай ережелер жиынтығы АҚШ, Жапония, Еуропаны қосқанда шетелдегі бірқатар қалаларда бар.  Ттарихи орталық ғимаратында қандай элементтерге рұқсат беруге болатыны, қандай принцип бойынша сәйкестік пен тарихқа сай болуы үшін  қандай пропорциялар болуы керектігі  тарихшы сәулетшілермен тығыз ынтымақтастықта анықталады.

“Алматының қазіргі шағын тарихи орталығының шегін сақтау және оның аумағында ерекше күтім жасау ережелерін енгізу орынды деп санаймын. Оңтүстік астананың дәстүрлі тарихи орталығының архитектуралық мұрасын сақтау-үлкен тарихы бар кез келген қаланың міндеті. Бұл өткенді құрметтеу ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаны капиталдандыруды арттыру, оны дамыту арқылы осы аумақтың құндылығын арттыру. Бұл жерде тарихи орталықтың аудандары мен ғимараттарында жұмыс істейтін бизнес үлкен рөл атқарады.

Өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді түсініп, осы аумақты қорғау және қамқорлық таныту, тазалықты, тәртіпті сақтау және сіздермен біздің тарихымызды құрметтеу үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсау “, – деп түйіндеді Нұрлан Камитов.

АҚШ-та Майамидің әйгілі, әсем тарихи ауданы-Coral Gables-1973 жылы Флоридадағы тарихи ғимараттарды сақтау туралы арнайы жарлықпен қамтылған алғашқы қалалардың бірі болды. Содан бері округтегі ғимараттардың көп бөлігі қорғалған. Барлық нормалар мен ережелердің сақталуын, баспалдақтардың шарбақтарына дейін қала құрылысы кеңесі қатаң қадағалайды.

Финляндиядағы мысал ретінде ЮНЕСКО-ның қорғауындағы ескі Раума қаласын келтіруге болады. Ол көне үйлердің иелеріне билік тарапынан қатаң бақылаудың арқасында өзінің бұрынғы ерекшелігін сақтап қалды. Жаңа қожайындар үйлер мен қоршауларға қажетті күтімді қамтамасыз етеді және оларды бастапқы күйінде сақтайды. Мемлекет қайта құруға шығыстар сомасының 40% – на дейін субсидиялар бөледі. Сондай-ақ, барлық қалаушылар ескі қаланы дамыту және сақтау үшін ескі Раума қорына қайырымдылық жасай алады.

Германияда тарихи сәулет ескерткіштері болып табылатын көне ғимараттарды сатып алу және қайта құру кезінде жеңілдіктер мен несиелер қарастырылған. Ғимараттың сыртқы келбеті жергілікті әкімшілікпен келісілуі керек. Кейде терезелерді де, есіктерді де өзгертуге рұқсат етілмейді, қайта құруды кәсіпқойлар жүргізеді. Жобалау нақты бір тапсырыс беруші үшін емес, қоғамдық мүдде үшін жүзеге асырылады.  Тарихи аумақтардағы әрбір жер иелігі құқықтық мәртебесі бар қала құрылысы регламентін алады. Бұл бастапқыда қойылған қала құрылысы мақсаттарын ұстануды қамтамасыз етеді.

 Жапонияда 1950 жылы Мәдени құндылықтарды қорғау туралы Заң қабылданды. Ол тарихи, көркем аумақтар мен табиғи ескерткіштерді, сондай-ақ тарихи маңызы бар ғимараттар мен заттарды қорғайды. 1964 жылы ежелгі астаналар – Нара, Киото және Кумакураны сақтау туралы Заң қабылданды.

Кейініректарихиғимараттардың бүтін бір топтарыменкешендерінқорғауға  алабастады.

Сонымен, Киотода Тарихи аймақтар жұмсақ және қатаң бақылау аймақтарына бөлінеді. Тарихи аудандарда құрылыс салу және қайта құру кезінде ғимараттардың сыртқы көрінісіне, материалдарына, биіктігі мен пішініне қатысты қатаң ережелер бар. Бұл дәстүрлі атмосфера мен сәулетті, соның ішінде ағаш үйлер мен шай үйлерін сақтау үшін жасалады. Тіпті ландшафттарды сақтауға қойылатын талаптар бар. Сонымен қатар, арнайы “ит қоршаулары” (инуярай) тарихи ғимараттардың төменгі бөліктерін шаң мен ылғалдан қорғайды.

Нұрлан Камитов қазақстандық Ink Architects компаниясының негізін қалаушы, Британдық сәулетшілер корольдік институтының (RIBA), Американдық сәулетшілер институтының (AIA) құрметті мүшесі, Мәскеудегі халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі және академик, профессоры болып табылады. “Құрмет” Мемлекеттік орденімен марапатталған (2024 ж.тамыз). Ernst&Young компаниясының “Жыл кәсіпкері — 2023” ұлттық байқауының “Қазақстанда жасалған” номинациясының жеңімпазы болып табылады.