Шанхайға билеттер сатыла бастады

Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай – Алматы жаңа тұрақты бағыты бойынша билеттер сатыла басталғаны туралы хабарлайды. Ұшулардың іске қосылуы 2026 жылғы 29 наурызға жоспарланған*.
Алматыдан рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды, ұшып кету уақыты сағат 19:10, Шанхайға ұшып келу уақыты сағат 04:25+. Қайтар рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады, Шанхайдан ұшып кету уақыты сағат 05:40, Алматыға ұшып келу уақыты сағат 10: 15. Рейстер заманауи және жайлы Airbus A321LR әуе кемесімен орындалады. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 15 минут, қайтарда – 7 сағат 35 минут.
Барлық алымдарды қосқанда Алматыдан Шанхайға эконом-кластағы барып-қайту билеттің ең төменгі құны 281 312 теңгеден, бизнес-класта 921 132 теңгеден басталады.
Билеттер ресми сайтта және Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде сатылады.
Жаңа бағыттың ашылуы Air Astana-ның Қытайға қатысуын кеңейтеді – Бейжің, Гуанчжоу, Үрімші және Саньяға қолданыстағы рейстерге қосымша – және Қазақстан мен Азияның ірі шаһарлардың бірі арасында іскерлік және туристік сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Шанхай – Қытайдың қаржы және іскерлік астанасы, заманауи ғимараттар, бай тарих және мәдени алуан түрлілік қаласы. Оның басты көрікті жерлері – Пудун іскерлік ауданына панорамалық көрінісі бар Вайтань жағалауы, «Шығыс маржаны» телемұнарасы, Юйюань бағы, сондай-ақ храмдар, музейлер, театрлар мен сауда кварталдары. Қала өзінің гастрономиясымен және дәстүрлі қытай мәдениетінің мегаполистің серпінді ырғағымен үйлесімділігімен танымал, бұл оны туристер үшін де, іскер саяхатшылар үшін де тартымды етеді, оған қоса қазақстандықтарға Қытайға визасыз кіруге болады.
* мемлекеттік органдардан қажетті рұқсаттарды алған жағдайда




