Шымбұлақта «SKI & CHERY DAY» шарасы өтті

Шымбұлақта тұтынушыларға арналған «SKI & CHERY DAY» шарасы ұйымдастырылды.

Astana Motors және Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы Chery Tiggo 8 PRO MAX фан-клубының мүшелері үшін тұтынушы күнін атап өтті.

Аппақ қарға оранған тау баурайында орналасқан танымал SNeG мейрамханасында тартысты жарыстардан кейін қонақтарға дәмді тағамдар ұсынылды. Бұл Chery Kazakhstan тұтынушылары мен жанкүйерлеріне ұйымдастырған SKI & CHERY DAY шарасының ұмытылмас бір бөлігі ғана.

«Біз клиенттер күнін биыл 11 мәрте өткізіп жатырмыз. Бұрынғы тұтынушының қазіргі таңда жақын досқа айналғанына қуаныштымыз. Екі жыл ішінде арамыздағы сенім орнағанына ризамыз. Chery ерекше ықыласпен  өз тұтынушыларына адал қызмет етуін жалғастырады», — деп  Маркетинг директор Айгүл Темешова өз әсерімен бөлісті.