ССКӨБ-тің жаңа әкімшілік-тұрмыстық корпусы ашылды

Бүгін темір кені дивизионының Бас директоры Сергей Напольский мен қала әкімі Виктор Ионенко ССКӨБ Қосалқы көлік цехының жаңа әкімшілік-тұрмыстық корпусын пайдалануға берді. Жаңадан салынған кешен – автомобиль жүргізушілерін лайықты жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ететін бөлмелері бар, төрт қабатты ғимарат. Жобаның құны екі миллиард теңгеден асты.

Ашылу рәсімінде автомобиль жүргізушілеріне жүрек жарды құттықтаулар айтылды. Жүргізушілерге қысқа минуттық демалыста жайлы орта мен жақсы демалыс маңызды.

ССКӨБ Бас директоры Сергей Напольский:

«Кешеннің басты құндылығы біздің қызметкерлерге ыңғайлы болып, жайлы жағдай жасайды, — деп атап өтті  – Мұнда жасалған барлық жағдайлар ұжымның өндірістік өмірінің ажырамас бөлігі. Енді көлік қызметкерлерінің өз «шағын қалашығы» бар деуге болады. Мұнда кеңсе, тұрмыстық және тұрғын үй нысандары бір шаңырақ астында орналасқан»

Құрылыстан бұрын ауқымды жобалау жұмыстары жүргізілді. Оны алматылық «Ремикс плюс» компаниясы орындап шыққан. Қазіргі заманғы әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысына 2021 жылдың 1 қаңтарында кірісті. Бас мердігер – жергілікті «Рудныйсоколовстрой» құрылыс компаниясы болды. Оған 200-ге жуық маман жұмылдырылған. Бір жыл ішінде олар техникалық қабаты бар және жалпы ауданы төрт мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат тұрғызды.

«Кез келген кәсіпорын, жалпы жұмыс берушінің негізгі міндеті – өз қызметкерлеріне қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайларын жасау. Адам өмірінің көп бөлігін жұмыста өткізеді. Тиісінше, ол үйдегідей ыңғайлы болуы керек. ERG компаниясы бастап, ССКӨБ басшылығы бәрін жақсы жаққа өзгертуге тырысады. Қызметкерлер көтеріңкі көңіл-күймен ауысымға келіп, қауіпсіз жұмыс істеуі керек», — дейді қала әкімі Виктор Ионенко.

Ашылу рәсімінен кейін меймандар кешенге экскурсияға жасады. Кешенде: медициналық кабинеттер желісі, қызметкерлерді жұмысқа бөліп, тарату бөлмесі, ерлер мен әйелдердің киім ауыстыратын бөлмелері, душ, киім ілетін  бөлмелер, кір киімдерді қабылдау және таза киім беру бөлмелері, үлкен (150 орын) және кіші (50 орын) акт залдары, цехтың басшы құрамына арналған заманауи кабинеттер орналасқан. Ғимараттағы маңызды нысан — 70 орындық асхана.

Құрылыс кезінде кеңсе ғимаратының экологиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды аспектілері мен параметрлері ескеріледі. Жаңа ӘТК ғимараттағы адамдардың денсаулығы мен жайлылығына оң әсер ететін жағдайлар қарастырылған. Бұл жағдайда, адамдардың ғимарат ішінде қауіпсіз болуына ерекше көңіл бөлінген. Барлық жерде таяныш қоршаулары бар, баспалдақ биіктігі 150 мм, душ бөлмесінде сырғанауға қарсы тақталар және т.б. бар. Корпустың қасбеті жылу оқшаулағыш және соққыға төзімді материалдардан жасалған. Қызмет көрсету бөлмесінің жабдықтарын орналастыру үшін әзірлеушілер ерекше сәулет тәсілін  қолданды. Оның бәрі төртінші техникалық қабатқа орналастырылды.

Әкімшілік-тұрмыстықта төрт автоколонна қызметкерлері мен цехтың кеңсе персоналы орналасады. Олардың жаолпы саны – 623 адам.