Сыбайлас жемқорлық жарға жығады

Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Сыбайлас жемқорлық зияны балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері бар:жүйелік сыбайлас жемқорлық, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық  ,іскерлік сыбайлас жемқорлық, жоғары биліктің сыбайлас жемқорлығы.ҚР сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықтың-баптары: Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.

Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нәрселер:

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік.

Осының ішінде көп лауазымды тұлғалар ақшаны көбірек алатыны сөзсіз. Осы жемқорлықтың аясында көп адамдар өз абыройын айрандай төгіп жатқаны өздеріне беймәлім. Пара берудің орнына, әр адам өзі бейімделіп, үйреніп жасағаны абзалырақ-деп ойлаймын. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүру үлкен қателік деп санаймын.

Қазақстанда жемқорлық өте жоғары деңгейдегі салалар:

  1. Білім беру саласы (балабақша, мектеп, колледж, университет)
  2. Денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлер
  3. Пәтер иелері
  4. Сот иелері, жоғары қызметтер.

Қазақстан Республикасы ТМД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған алғашқы мемлекет.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қауіпті құбылыс ретінде 1991 жылдан бастап айтыла бастады. Осы жылдан бастап, әлі күнге дейін парақорлық азаймауда. Неліктен азаймады деп ойлайсыздар? Себебі өз ойымды айта кететін болсам,жемқорлыққа бару себептері ең бірінші ҚР қымбатшылық,айлық  көрсеткішінің төмен болуы. Ал екінші себеп, жоғары лауазымда отырған кісілердің айлық ақылары жоғары болса да ақшаға құнығуы. Бұл кезде лауазымды тұлға мемлекеттік қызметшілер өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, жақын туыстарын, жұбайларын немесе жекжаттарын пайда алу үшін жоғары ақы төленетін жұмыспен немесе қызметпен қамтамасыз етеді. Қоғам арасында пара алу және беру, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты сыбайлас жемқорлық түрлері жиі кездеседі. Қазіргі таңда пара алу және беру жоғары білім жүйесінен бастап, бала-бақшаға дейін орын алып тұр. Қазіргі таңда қаралып жатқан мәселе, ол жас мамандардың жұмысқа орналаса алмауы. Басшылар оқуды жаңа бітірген жас мамандарды жұмысқа қабылдамай жатады. Яғни, сол жас мамандар дипломын алып тегін жұмысқа кірудің орнына, ақшамен жұмысқа кіру үстінде. Осы жемқорлықтың кесірінен жас мамандар шетелге кетуде.

Пара беру, жемқорлық сияқты жағымсыз әрекеттер «Жаңа Қазақстанға» үлкен қатер. Пара алу жойылмай «Жаңа Қазақстан» құрылмайды деп есептеймін.

Асемай БАЯН,

Абылай хан атындағы қазақ

халықаралық қатынастар және

әлем тілдері университетінің

2 курс студенті