Таеквондодан әлем чемпионатында қазақстандық  сурдо спортшылар 3 медаль жеңіп алды

Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында таеквондодан әлем чемпионатында қазақстандық Диас Рысбеков 54 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде алтын медаль, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аян Абдраш күміс медаль және Мади Сейсенбаев осы салмақта қола медальді жеңіп алды.

«Мен таеквондомен айналысқаныма 9 жыл болды. Бұл менің алғашқы әлем чемпионатым. Қарысыластар өте мықты болды. Жарыста мен Грекия, Тайбей, Қырғызстан және Өзбекстан спортшыларымен сынға түстім. Финалдық бәсекеде өзбекстандық спортшымен кездесіп, оны 2-1 есебімен жеңіп әлем чемпионы атандым. Мен өз жетістігіме өте қуаныштымын», — деді әлем чемпионы Диас Рысбеков.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 25-30 наурыз  аралығында өтеді. Жарысқа 13 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасында 22 спортшы өнер көрсетуде.