Tele2/Altel мен Yandex Qazaqstan Қазақстандағы миллиондаған қолданушыға арналған жасанды интеллект сервистерін бірлесіп дамытады

Tele2/Altel мен Yandex Qazaqstan жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компаниялар Қазақстандағы жаңа цифрлық сервистерді дамыту үшін телекоммуникация және жасанды интеллект салаларындағы тәжірибелері мен мүмкіндіктерін біріктіреді.
Жасанды интеллектің мүмкіндіктерін телеком-оператордың тәжірибесі мен деректер қорымен ұштастыру цифрлық сервистерді дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз. Біз миллиондаған пайдаланушының цифрлық әдеттері қалай қалыптасатынын, олардың күнделікті әрекет үлгілері мен мобильді интернетті пайдалану ерекшеліктерін жақсы білеміз. Осы түсінікті жасанды интеллект технологияларымен және Yandex Qazaqstan экожүйесімен ұштастыру цифрлық сервистерді жаңа деңгейге көтеріп, оларды әрбір қолданушы үшін барынша өзекті, ыңғайлы әрі табиғи етеді. Сондықтан бұл бағыттағы стратегиялық серіктес ретінде Yandex компаниясын таңдадық
деді Tele2/Altel компаниясының бас директоры Александр Бабичев.
Yandex Qazaqstan жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде дамытып, оларды Қазақстандағы 11 миллион адам пайдаланатын сервистеріне енгізіп келеді. Tele2/Altel компаниясымен бірлесіп, экожүйеміз бен нейрожелілеріміздің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жасанды интеллектке негізделген жаңа шешімдерді әзірлейміз. Бұл көпшілікке арналған жаңа, жоғары технологиялық сервистерді жасауға мүмкіндік береді
деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.
Tele2/Altel тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, ішкі үдерістерді автоматтандыру және абоненттермен өзара байланысты жекелендіру мақсатында телекоммуникациялық инфрақұрылымды, цифрлық сервистер мен заманауи технологияларды біріктіретін заманауи цифрлық платформаны қалыптастырып келеді. SpeedChecker 2025 деректеріне сәйкес, компания Қазақстандағы мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұр. Еліміздегі мобильді интернет-трафиктің жартысынан астамы Tele2/Altel инфрақұрылымы арқылы өтеді. Өйткені оператордың 10 миллионнан астам абоненті бар. Осындай ауқымды желі, оның жоғары сапасы және цифрлық технологиялар саласындағы терең тәжірибе Yandex Qazaqstan компаниясымен әріптестікті көпшілікке арналған жасанды интеллект сервистерін дамытудағы маңызды қадамға айналдырады.
Yandex Qazaqstan жасанды интеллект технологияларын пайдаланушыларға арналған өнімдеріне енгізіп келеді. Мысалы, Яндекс Іздеуде пайдаланушыларға жасанды интеллект негізінде көптеген интернет дереккөздерінен алынған ақпаратты біріктіріп, бір ықшам әрі мазмұнды жауап ұсынатын Нейро қолжетімді. Ал Браузерде ағылшын және орыс тілдеріндегі бейнелерді қазақ тіліне автоматты түрде нейрожелілік аудару мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, жасанды интеллект көмекшісі Алисамен жабдықталған ақылды колонкалар Қазақстандағы әрбір алтыншы үй шаруашылығында қолданылады. Компанияның жарнамалық платформалары Yandex Neuro Ads нейротехнологиялары негізінде жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл технологиялар Yandex Qazaqstan жарнама жүйесінің тиімділігін 38 пайыз арттырған. Сонымен қатар, Yandex Cloud технологиялық платформасы арқылы қазақстандық бизнеске жасанды интеллект негізіндегі әзірлемелер жасауға арналған түрлі құралдар ұсынылады.



