«Texaco Lubricants» Орталық Азия елдерінде ықпалын арттырады

«Texaco® Lubricants» компаниясы «Шеврон» компаниясының халықаралық технологиялық тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасында, Өзбекстанда, Қырғыз Республикасында және Түрікменстанда ықпалын арттыру жөніндегі жоспарын жариялады.

«Chevron Europe Finished Lubricants» бас директоры Пэт МакКлауд: «Бүгін біз Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Түрікменстанда жағармай материалдарының ерекше ассортиментін ұсына отырып, Орталық Азияда қызықты ынтымақтастықты бастаймыз. Энергетика саласының көшбасшыларының бірі ретінде біз жағармай материалдарының тиімділікті арттырудағы және машиналар мен жабдықтардың өнімділігін арттырудағы маңызды рөлін түсінеміз»

«Havoline®», «Delo®», «HDAX®» және «Techron®» брендтерімен жоғары пайдалану сипаттамалары бар «Texaco» автомобиль және өнеркәсіптік жағармай материалдарының толық ассортименті қолжетімді болады. Оларға мотор майлары, трансмиссиялық сұйықтықтар мен майлар, консистенциялық майлар, гидравликалық сұйықтықтар, газ қозғалтқышының майлары, қағаз жасайтын машинаның майлары және турбиналық майлар жатады.

«Texaco» – «Шеврон» компаниясының брендтер тобының бөлігі – әлемдегі 4-ші ірі мұнай компаниясы, оның балансында әлемнің 40 елінде 13 776 коммерциялық нысан және 10 587 қызметкер бар; компанияның өнімдері 150-ден астам елде сатылады. «Шеврон» компаниясы – әлемдегі ең ірі премиум-кластағы базалық май өндірушілердің бірі, ал «Texaco Lubricants» толық өндірістік циклды өнімдердің әлемдік ассортиментін қамтамасыз ете отырып, дербес дамып келеді. Сонымен қатар, компания бүкіл әлем бойынша қоспа әзірлейтін 10 кәсіпорны бар жетекші әзірлеуші және өндірушісі, бүкіл әлем бойынша 25 химреагенттерді араластыратын зауыттары бар дайын жағармай материалдарының әлемдік жеткізушісі.

Бельгияның Гент қаласындағы өңірлік технологиялық орталық – салқындатқыш сұйықтықтар өнімдеріне арналған технологияларды әзірлеу бойынша халықаралық орталық, сондай-ақ «Texaco» компаниясының түпнұсқа жабдықтарын өндірушілерге және басқа да тұтынушыларға жағармай материалдарының толық ассортиментін жергілікті техникалық қолдауды ұсынады.

«Texaco» мотор майларын, антифриздерді, трансмиссиялық сұйықтықтар мен майларды және «Havoline» брендімен жеңіл автомобильдерге, шағын автобустарға әрі жеңіл коммерциялық көліктерге арналған қосалқы мұнай өнімдерін сатады. Сонымен қатар, жеңіл автомобильдерге арналған «Texaco» өнімдерінің ассортименті «Techron» жанармай жүйесін тазартқыштар әр сапарда жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Коммерциялық автомобильдердің дизельді қозғалтқыштарына арналған жоғары өнімді майлар, салқындатқыш сұйықтықтар, трансмиссиялық сұйықтықтар, трансмиссиялық майлар, консистенциялық майлар және гидравликалық сұйықтықтар, сондай-ақ, бірқатар көмекші құрал нарықта «Texaco Delo» брендімен ұсынылған. Мұндай озық мұнай өнімдері қозғалтқыш жабдықтарын қорғауға және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуға ықпал ете отырып, отын үнемдеуді оңтайландыруға көмектеседі.

«Texaco Lubricants» компаниясының «HDAX» газ қозғалтқыштарына арналған озық технологиялық майлар желісі бірнеше міндеттерді шешуге арналған. Газ қозғалтқыштарына арналған майларды әзірлеу мен өндірудің 50 жылдан астам тәжірибесіне сүйене отырып, «HDAX» өнімдері тұтынушылардың жабдыққа күтім жасауды басқару қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және пайдалану тиімділігі мен өнімділігін оңтайландыруға арналған.

«Havoline» автомобиль өнімдері, «Delo» дизельді қозғалтқыштарына арналған майлар, «HDAX» газ қозғалтқыштарына арналған майлар, «Techron» отын жүйелерін тазартқыштар немесе «Texaco» компаниясының салқындатқыш сұйықтықтары, гидравликалық майлар, трансмиссиялық сұйықтықтар, трансмиссиялық майлар немесе консистенциялық майлар болса да, «Texaco» арсеналында кез келген өндірістің тиімді шешімдері бар.