ТЖМ Түркістан облысындағы су тасқыны жөнінде: Жаңбыр тоқтады, бірақ ағын әлі толастар емес

ТЖМ Түркістан облысындағы су тасқыны жөнінде: Жаңбыр тоқтады, бірақ ағын әлі толастар емес
Министр Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді.

Министр жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресуді тапсырды.

Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді. Жағдай ерекше бақылауда.Юрий Ильин

Оның сөзінше, бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: Zakon.kz