U.S. International Development Finance корпорациясының (DFC) басшылығы Қазақстанға  келеді

АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэк, инвестициялар жөніндегі жетекші Конор Колман және саясат жөніндегі басшы Каролайн Вик маусым айында Қазақстанға сапармен барады. Саясат жөніндегі басшы Вик Қазақстанға 9 маусым күні, одан кейін атқарушы директор Блэк пен инвестиция жөніндегі жетекші Колман келеді.

Сапар барысында DFC өкілдері үкімет өкілдерімен және жеке сектор басшыларымен кездесіп, стратегиялық экономикалық серіктестікті нығайту, өңірлік экономикалық қауіпсіздікті ілгерілету және инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу мәселелерін талқыламақ.

DFC – АҚШ үкіметінің халықаралық инвестициялық құралы және АҚШ экономикалық саясатының өзегі. DFC АҚШ-тың сыртқы саяси мақсаттары мен стратегиялық экономикалық дамуын алға жылжыту үшін жеке капиталды жұмылдырады. Ол серіктес елдердегі экономикалық дамуды ынталандыратын және АҚШ-тың сыртқы саяси басымдықтарын ілгерілететін жобаларды қолдау әрі капиталды тарту мақсатында жеке сектормен жұмыс істейді.

DFC  несиелер, кепілдіктер, тікелей  үлестік инвестициялар, саяси тәуекелдерді сақтандыру және жобаны дамытуды қаржыландыру  сияқты қаржы құралдарын ұсынады. Оның басымдықтарына жаһандық жеткізу тізбегін нығайту және инфрақұрылым, маңызды минералдар, энергетика, технология, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты стратегиялық секторларды қолдау кіреді.