USAID Қазақстандағы туризм саласын ілгерілету үшін америкалық саяхатшыларды қабылдады

Қазақстандағы туризмді ілгерілету мақсатында АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы бірлесе 2023 жылдың 31 мамыр мен 7 маусым аралығында Society of American Travel Writers (SATW) қоғамының он төрт мүшесін қабылдады.

USAID-тің Орталық Азиядағы Сауда жөніндегі бағдарламасының қолдауымен бұл баспасөз туры Солтүстік Америка оқырмандары үшін Қазақстанның туристік және мәдени көрікті жерлері туралы жаңа халықаралық саяхат туралы материалдарды жазуға ынталандырады. SATW мүшелері саяхат барысында жазбаларын дайындап, оны жазушылардың жеке онлайн платформалары, сондай-ақ Facebook, Instagram және Twitter аккаунттары арқылы жұртшылықпен бөлісті. Жазушылар америкалық және канадалық оқырмандарына жаяу серуендеу, экскурсиялық және мәдени туризм, сондай-ақ, Қазақстан туралы алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

SATW – туристік индустрияның ең тәжірибелі журналистері, фотографтары, редакторлары, хабар тарату/бейне/фильм продюсерлері, блогерлер, веб-сайт иелері, қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшылар және Америка Құрама Штаттарынан, Канададан және одан тыс жерлерден қонақжайлылық индустриясы өкілдерінен тұратын кәсіби ұйым. 1955 жылы негізі қаланған SATW ұйымының 1000-нан астам мүшесі бар.

Қатысқан саяхатшы жазушылар және олардың веб-сайттары:

● Джеймс Николас Ферри (neverstoptraveling.com)
● Ив Луи Пьер Джентил
● Айлин Патрисия Ганн (familiesgotravel.com)
● Мэри Джо Манзанарес (travelingwithmj.com)
● Керин Элизабет Ингаллс Минс (twisttravelmag.com)
● Кристофер Джеймс Дарби Митчелл (travelingmitch.com)
● Лиана Карлсон Мур (insiderfamilies.com)
● Линсэй Анна Ниемнен (carpediemourway.com)
● Марлин Джейме Шотланд (urbanblisslife.com)
● Джанис Шредер (thetravel100.com)
● Райан Шауэрс (desktodirtbag.com)
● Лина Энн Сток (divergenttravelers.com)
● Дэвид Роберт Сток Джуниор (divergenttravelers.com)
● Кевин Джеффри Вагар (wanderingwagars.com)