Яндекс Музыка Қазақстан әртістері бар ISKRA Qazaqstan плейлистін іске қосты

Яндекс Музыка қазақстандық әртістердің тректері бар ISKRA Qazaqstan плейлистін іске қосты. Қазақстан әртістерінің тректері Моя волна дербес ұсынымдар жүйесінің арқасында тыңдаушылар арасында танымал бола бастады. Яндекс Музыка командасы алғаш рет жоба туралы 16 қыркүйекте, сенбі күні Қазақстанда Плюс Дача-да өткен BandLink және Яндекс музыка сервисінің BandLink Саундчек атты бастаушы музыканттарға арналған алғашқы білім беру іс-шарасында жариялады.

Яндекс Музыка-ның Искра жаһандық плейлисті 2022 жылғы қарашада іске қосылды. Осы уақыт ішінде Моя волна-да жоғары көтерілген 100-ден астам әртіс болды. Жобаның миссиясы жаңа музыканттардың жетістігі мен танымалдылығына ықпал ету. Моя волна-ның арқасында тректері дербес ұсыныстар жүйесінде көтерілген әрбір әртістің аудиториясы орташа есеппен 40%-ға өседі.

Өткен жылы Қазақстан әртістері Искра плейлистіне бірнеше рет түсті, сондықтан Яндекс Музыка қазақстандық музыкалық комьюнитиді қолдау мақсатында ISKRA Qazaqstan жеке плейлистін іске қосты.

Әртістердің фотосуреттері плейлист мұқабасында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында Яндекс Музыка-ның билбордтарында пайда болды. Плейлистке niyazkul және Айбек Серікхановпен бірге ZEIN, Elaman, Alli, Азиз Балтабекұлы, Galymzhan, Rysba және басқа да жас әртістердің тректері кірді.

 «Осы жылдан бастап біз дарынды қазақстандық орындаушыларды қолдау, сондай-ақ оларға өз тыңдаушыларын оңай табуға көмектесу үшін ISKRA Qazaqstan жеке плейлистін іске қосамыз. Моя волна-ның көмегімен жаңа әртістердің көбі танымал болып, Яндекс Музыка тыңдаушыларының жүрегінде берік орын алады. Біз бұл әртістерді сүйсіне бақылап отырамыз, сондай-ақ оларды қолымыздан келгенше қолдағымыз келеді!» — дейді Яндекс-тің ойын-сауық сервистері әртістерімен жұмыс  жөніндегі басшы Рустам Киреев.

Моя волна Яндекс Музыка-ның әрбір тыңдаушысының талғамы мен көңіл-күйіне ылғи бейімделіп, оған шексіз дербес музыкалық ағынды таңдайды. Қазір Моя волна-ны аптасына кемінде бір рет Яндекс Музыка жазылушыларының 72%-ы тыңдайды. Бұл көрсеткіш күннен күнге өсіп, ал тыңдау уақыты 2 есе ұлғайып келеді. Моя волна-мен ашылған және танымал болып келе жатқан әртістердің тректерін Яндекс Музыка редакциясы ай сайын ISKRA Qazaqstan плейлистіне таңдайды. Таңдау кезінде редакция аудиторияның әртіске деген қызығушылығының артуын, оның тректерінің Моя волна-да тыңдалуын, сыртқы трендтерді және басқа критерийлерді ескереді.