Yandex Qazaqstan ақылды құрылғылар экожүйесі «Қайрат» ФК-на жұмысты жеңілдетуге және жаттығу мен оңалту микроклиматын сақтауға көмектеседі

Yandex Qazaqstan Бесағаш ауылындағы «Қайрат» ФК жаттығу базасының инфрақұрылымына жасанды интеллект технологияларын интеграциялап, оны «Алиса» қосылған Станциялармен және басқа да ақылды құрылғылармен жабдықтады. Бұл — Қазақстандағы кәсіби спортқа ақылды инфрақұрылымды кешенді түрде енгізудегі жобалардың алғашқысы. Бұл шешімдер команданың күнделікті жұмысын жеңілдетуге, соның ішінде микроклимат пен жарықты дауыспен басқаруға, сондай-ақ ойыншылардың жаттығуы мен демалуына жайлы жағдайды автоматты түрде сақтайтын ЖИ-сценарийлерін жасауға көмектеседі.

Жатын орындағы жайлылық
Ойыншылар мен жаттықтырушылардың 50 нөмірінде «Алиса» станциялары мен радиаторларға арналған ақылды терморегуляторлар орнатылған. Бұл бөлмелердегі қолайлы температураны сақтауға және оны дауыспен басқаруға мүмкіндік береді. Тұрақты микроклимат әсіресе белсенді жаттығулардан кейін қалыпқа келуі үшін аа маңызды: температураның тіпті шамалы ауытқуы ұйқы сапасына және спортшылардың жалпы көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, Алиса ЖИ-ассистент күнделікті істерге көмектеседі: оятқыш, таймер мен еске салғыштар, сонымен қатар, ауа райын айтады, жаттығу күніне дайындалу немесе кешкісін демалу үшін Яндекс Музыкадағы жеке «Менің толқынымды» қосады. Сондай-ақ Станция арқылы базадағы басқа нөмірге қоңырау шалуға немесе дауыстық хабарлама жіберуге болады.

Бұдан бөлек, Алиса жаттығу кестесін дауыстап айтып, Яндекс Күнтізбеге енгізілген алдағы оқиғаларды — мысалы, тамақтану уақытын, залдағы және алаңдағы жаттығуларды, оңалту процедуралары мен командалық кездесулерді еске салады.

Демалыс аймақтарындағы оңалту
Негізгі және жастар құрамының демалыс бөлмелері Алисасы бар ТВ Станциялармен жабдықталған. Олар арқылы қажетті контентті дауыспен іздеп, басқаруға, соның ішінде Кинопоисктегі фильмдер мен сериалдарды қосуға болады. Демалыс орындарында ерекше атмосфера жасау үшін ақылды шамдар мен эмби-шамдар орнатылған. Ол арқылы жарықтың қосылуын, жарықтығы мен түстерін дауыспен реттеуге болады, ал эмби-шамдарда жылы «камин» сәулесінен бастап музыка ырғағындағы ашық жарық эффектілеріне дейінгі кез келген көңіл-күйге арналған режимдер бар.

Функционалдық аймақтардағы микроклиматты бақылау және қолайлылық
Жаттығу залында, медициналық блокта, мультимедиялық залда, бассейн мен киіну бөлмелерінде Алиса Станцияларымен бірге температура мен ылғалдылық датчиктері орнатылған. Олар қызметкерлерге орта параметрлерін бақылауға және климаттық техниканың жұмыс режимін жедел түзетуге мүмкіндік береді. Тұрақты микроклимат жаттығу кезінде қатты ысып кету және қолайсыздық деңгейін төмендетеді. Жаттығу залында қосымша ЖИ-сценарий қолжетімді. Датчик ылғалдылық белгіленген деңгейден төмендегенін тіркесе, жүйе автоматты түрде ылғалдандырғыштарды қосады — осылайша қолмен басқарусыз-ақ жайлы жағдай сақталады.
Сондай-ақ, жаттығу залындағы ақылды розеткаларқабырғаның жоғарғы жағында орнатылған кәдімгі теледидарларды артық әрекетсіз және жаттығуды тоқтатпай-ақ қосуға мүмкіндік береді.

Осылайша, технологиялар спортшыларды алаңдатпай, керісінше зейін қоюға жағдай жасайтын базаның біртұтас цифрлық экожүйесі қалыптасады.

«Команда үшін жаттығу базасы — футболшылар күннің көп бөлігін өткізетін негізгі кеңістік. Біз инфрақұрылымды басынан бастап жоғары деңгейде құрдық және базаның өңірдегі ең жоғары технологиялық нысандардың бірі екенін мақтан тұтамыз. Yandex Qazaqstan шешімдері барлық аймақтарда қолайлы жағдайды сақтауға және күнделікті тапсырмаларды тезірек шешуге көмектесетін ЖИ-экожүйе мүмкіндіктерімен инфрақұрылымды нығайтты»,
— деп атап өтті «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.