Заманауи суретшілердің туындыларымен безендірілген қазақстандық бренд киімдерінің тұсаукесері өтті

Қазақстандық Howe киім бренді мен Efes Art Space жобасының суретшілері елдегі заманауи өнерді қолдаудың белгісі ретінде бірлескен ынтымақтастықты ұсынды.

HOWE брендінің капсула жиынтығының дизайнына енген картиналар өткен жылғы Efes Art Space сыйлығының «Көркем стиль мен кеңінен насихаттауға лайықты өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясы лауреаттары Стас Агапитов пен Диас-Алиге тиесілі.

 Efes Art Space компаниясы Стас, Диас және басқа қазақстандық суретшілерге фирмалық дүкендерге біріктіру арқылы олардың есімдері мен шығармашылығын таратуға қолдау көрсетеді. Осылайша, киім желісін және жергілікті суретшілердің жұмысы негізінде жасалған түйреуіш белгілерді HOWE дүкенінен сатып алуға болады. 13 сәуірде өткен көрме аясында Елена Сережечкина, Рената Машекенова және «Хвоя» арт-тобының туындылары қойылған түйреуіш белгілер де ұсынылды.

 Efes Art Space&HOWE жобасының кураторы Ольга Веселова:

«Стас Агапитовтың шығармалары алуан түрлі тақырыптар мен стильдердің жиынтығын білдіреді. Бейнелі кескіндеме, абстракция және экспрессивті сурет өнері қайта қарастырылады. Диас-Али өз жұмысын американдық суретші Жан-Мишель Баскияның мұрасынан шабыттана отырып жасайды. Баскияның құпияларын өз шығармасы арқылы зерттеу Диас-Али жұмысының басты бағыты болып табылады»

Efes жобаның одан әрі дамуына ықпал етіп, оның ауқымының кеңінен таралатынын хабарлайды. Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Еркан Алп:

«Бұл Efes Art Space компаниясының жергілікті киім брендімен бірлескен алғашқы жобасы. Болашақта біз тартылған өнердің ауқымын және жобалардың санын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Efes Art Space еліміздің шығармашылық адамдарына түрлі әрі қызықты форматтағы тұсаукесерде қолдау білдіреді»

Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясы аясында өнерге қолдау көрсете отырып, Алматы қаласын көп функциялы өнер алаңымен таныстыру туралы шешім қабылданды. Efes Art Space бастамасының мақсаты – өнер саласындағы қызықты идеяларды қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын атап өту.

Efes Art Space сыйлығының қазылар алқасы: Efes Kazakhstan өкілдері Зейнеп Еркан Алп пен Светлана Чванова, Efes Art Space өнер кураторы Оля Веселова, суретші Арыстанбек Шалбаев, Артишок театрының актрисасы және директоры — Анастасия Тарасова және эко белсенді Ажар Джандосова.