Зерттеу: Қыздырылған темекіге ауысу ауыз қуысының клиникалық көрсеткіштерін жақсартады

«Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ғалымдары дәстүрлі темекінің және одан қыздырылатын темекі өнімдеріне (ҚТӨ) ауысудың тіс пен қызылиекке әсерін өзара салыстырып анықтауға арналған клиникалық зерттеуді аяқтады. Нәтижесінде, түтінсіз баламаға ауысқан қатысушыларда алты айдан кейін негізгі көрсеткіштер бойынша клиникалық маңызы бар жақсарулар тіркелді. Бұл нәтиже зерттеу авторларының бірнеше жыл бұрын шыққан пилоттық зерттеулерінің қорытындыларын растап, отандық медицинаның дәлелденген базасын толықтыра түседі және темекіден туындайтын аурулардың алдын алудың өзектілігін айқындайды.

«Темекі шегуден қыздырылатын темекіге ауысқандарда 6–8 айдан кейін ауыз қуысының жағдайы жақсара бастады».

Мейрам Раганин, «Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы» РҚБ президенті, стоматолог дәрігер, м.ғ.к., PhD

«Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, темекі шегуден қыздырылатын темекі өнімдерін (ҚТӨ) қолдануға ауысқаннан кейінгі ауыз қуысының жағдайын зерттеу» деп аталатын зерттеу ассоциация президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD Мейрам Раганиннің жетекшілігімен жүргізілді. Жобаға 35–44 жас аралығындағы 80 темекі шегуші қатысты, олар төрт қаладан – Астана, Алматы, Шымкент және Өскеменнен 20 адамнан алынды. Барлық қатысушы кемінде үш жыл темекі шеккен; ал ауыр созылмалы аурулары бар адамдар зерттеуге қабылданбады. Қатысушылар 40 адамнан тұратын екі топқа бөлінді: біреуі темекі шегуді жалғастырып, екінші топ темекіден бас тартып, қыздырылатын темекіні қолдануға көшті. Зерттеу ашық түрде, рандомизацияланбаған клиникалық бақылау ретінде жүргізілді.

Өзгерістерді бағалау үшін мамандар төрт индикаторды қолданған. КПЖ индексі кариеспен зақымданған, пломбаланған және жұлынған тістердің болуын көрсетсе, PMA (РМА) индексі қызылиек қабынуының дәрежесін көрсететін пародонттың жағдайын анықтады. Шырышты қабық жағындыларының цитологиялық талдауы жасушалық деңгейдегі өзгерістерді, соның ішінде гиперкератозды (қатерлі ісік алдындағы жасушаларды) анықтады. Ал автофлуоресцентті стоматоскопия шырышты қабықтың жағдайын көрсетті: сау аймақтар жасыл түспен, қабынғандар қызылмен жарқырады, ал күңгірт дақтар қатерлі ісік алдындағы өзгерістерді көрсетті.

Алты айдан кейін екі топтың нәтижелері салыстырылып, айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Темекі шегушілерде осы кезең ішінде жаңа кариес қуыстары пайда болып, қызылиек қабынуы күшейді (КПЖ индексінің өсуі және РМА-ның төмендеуі); цитологиялық зерттеу гиперкератоздың өршуін көрсетті, ал флюоресцентті диагностикада «сау» жасыл жарқырау аймағының қысқарып, шырышты қабықтағы қызыл мен күңгірт дақтар санының артқаны байқалды.

Қыздырылатын темекіге ауысқандарда керісінше, жарты жылдан кейін жаңа кариестік зақымданулар анықталмады (КПЖ өзгеріссіз қалды), қызылиек қабынуы азайды (РМА жақсарды), жасушалық талдауларда гиперкератоз жоғалды және флюоресцентті тексеру кезінде шырышты қабықтағы патологиялық ошақтар іс жүзінде жойылды – сау жасыл жарқырау басым болды.

Зерттеу соңында қыздырылатын темекі тобының барлық көрсеткіштері темекі шегуді жалғастырған топқа қарағанда жақсырақ болды.

Мамандар бұл алынған деректер стоматолог дәрігерлерге қыздырылатын темекінің дәстүрлі темекіге қарағанда зияны азырақ екендігі туралы объективті растау беретінін атап өтуде. Бұл қорытындылар әлемдік деңгейдегі соңғы деректермен сәйкес келеді: балама өнімдердің ағзағы зияны дәстүрлі темекіге қарағанда аздау екенін көрсетеді. Темекіден бас тартқан қатысушылар субъективті жақсаруларды да атап өтті – ауыздан шыққан жағымсыз иіс жоғалды, ентігу мен жөтел азайды. Жаңа өнімді екі апта қолданғаннан кейін темекіге деген құмарлық басылды.

«Дәстүрлі темекідегі ең зияндысы – ол темекідегі жану процесінің өнімдері. Олар ағзаға никотинге қарағанда әлдеқайда көп зиян тигізеді».

Мейрам Раганин, «Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы» РҚБ президенті, стоматолог дәрігер, м.ғ.к., PhD

Зерттеу қорытындылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған зиянды азайту тәсілінің тиімділігін растайды. Дәрігер Раганин темекіні тастауға дайын емес, никотинге тәуелді адамдар үшін қыздырылатын темекі өнімдері зиянды азайтудағы алғашқы қадам бола алатынын және никотин дозасын біртіндеп азайту арқылы уақыт өте келе темекіден толық бас тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өтеді. Бұл стоматологтарға темекі тұтынудың әртүрлі формаларының салдарын жақсы түсінуге және пациенттермен жұмыс кезінде тиімді профилактика үшін объективті деректерді пайдалануға көмектеседі.

«Зерттеу қыздырылатын темекіге ауысу темекі шегумен салыстырғанда ауыз қуысы денсаулығына келетін зиянды айтарлықтай төмендететінін сенімді түрде дәлелдеді».

Мейрам Раганин, «Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы» РҚБ президенті, стоматолог дәрігер, м.ғ.к., PhD

Қоғамдастық зерттеу нәтижелерін кәсіби мамандармен бөлісуді, сондай-ақ жоба қорытындысы бойынша ғылыми мақала жариялауды жоспарлап отыр. Болашақта зерттеу жұмыстарын одар әрі кеңейтуді, соның ішінде никотині бар түтінсіз өнімдердің жаңа санаты – никотинді паучтарды зерттеуді қолға алмақшы. Дегенмен мамандар денсаулықты сақтаудың ең тиімді шарасы темекі мен никотиннен толық бас тарту болып қала беретінін баса айтады.