Жануарлар күні: уақытша панасыз жануарларға арналған  Comes  орталығына сапар

4 сәуірде бүкіл әлемде Панасыз жануарлар күні атап өтіледі — бұл күн адамзаттың  қиын  жағдайға тап болған жануарлар алдындағы жауапкершілігін еске салуға арналған. Алайда бұл күннің мағынасының ауқымы  бұдан да кең, ол кез келген сәтте жануарлардың  адамның көмегіне мұқтаж болуы мүмкін  екендігін ұмыттырмауға бағытталған.

Бұл  күні Алматы қаласындағы Comes деп аталатын  уақытша панасыз жануарлар орталығына сапар ұйымдастырылды. Бұл — 2018 жылы құрылған жануарларды қорғау ұйымы. Орталық аулау қызметтерінен және қала көшелеріндегі иттер мен мысықтарды құтқарумен айналысады, сондай-ақ  мәртебесіне  қарамастан,  оңалтуға, емделуге және қалпына келтіруге мұқтаж жануарларға көмек көрсетеді.

Бүгінгі таңда баспанада бір мезетте 400-ден астам жануар бар. Олардың көпшілігі жарақат, қатыгездік салдарынан және ауыр өмір жағдайларынан кейін ұзақ мерзімді оңалтудан өтуде. Орталықта ветеринарлық көмек көрсетіледі, жануарларды әлеуметтендіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ иттердің адамдардың психологиялық және эмоционалдық оңалуына көмектесетін канистерапия жобасы жүзеге асырылуда.

Comes  орталығы жанашыр адамдардың қайырымдылық көмегі мен еріктілердің қолдауы есебінен жұмыс істейді. Ұйым қызметі жауапкершілік, адамгершілік және жануарларға саналы көзқарас қағидаттарына негізделген.

Орталық басшысы Сергей Снегирев:

«Мен бұл күнді жалпы Жануарлар күні деп атар едім — адамның көмегіне мұқтаж болуы ықтимал барлық жануарлардың күні. Біздің оңалту орталығымыз  тек панасыз жануарларға ғана емес, қиын жағдайға тап болып, емделу мен қалпына келтіруді қажет ететін барлық жануарларға көмектеседі.

Бүгінгі күнде  жануар үй жағдайында  өмір сүреді, ал ертең көшеде қалуы мүмкін — себебі иесі көшіп кетуі, жауапкершілікті көтере алмауы немесе түрлі жағдайларға тап болуы ықтимал. Сондықтан бұл күнді тар мағынада қарастыруға болмайды.

Әлемде панасыз жануарлар санының  барынша азайғанын қалаймыз. Кішкентай достарымызға қамқор болып, оларға көбірек сүйіспеншілік сыйлайық»

Орталық басшысы Юлия Снегирева:

«Біз үшін жануарларға көмек көрсету — жай ғана жұмыс емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын отбасылық іс әрі құндылық. Анамыз ұзақ жылдар бойы волонтерлікпен айналысты, дәл осыдан біздің жануарларды қорғауға деген саналы көзқарасымыз басталды.

Бүгінде Comes орталығы — сол құндылықтардың жалғасы. Жануарларға қамқорлық адамның жауапкершілігінен және қиын сәтте жанында болуға дайын болу сезімінен басталады, деп сенеміз»

Жануарлар күні — жануарлардың тағдыры көп жағдайда адамға байланысты екенін еске салатын мүмкіндік. Жауапты көзқарас, қамқорлық және қоғамның белсенді қатысуы панасыз әрі қорғансыз қалған жануарлар санын азайтуға ықпал ете алады.