Жазасын өтеуші азаматтардың денсаулығы басты назарда

ҚАЖ департаметінің №60 мекеменің мәжіліс залында жазасын өтеуші азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жиналыс өтті.
Жиналысқа №3 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қожарипова Жаннат Шайхсламовна, ҚАЖ департаметі бастығының орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы, №60 мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы, мекемеде қызмет атқаратын медицина мамандары қатысты.
— Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, сапалы медициналық көмек көрсетіп, өз кінәсін түсінген және түзелу жолына түскен жазасын өтеуші азаматтардың біздің қоғамымызға оралуына жағдай жасау, – деді №3 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қожарипова Жаннат Шайхсламовна.
Жиналыс барысында ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы сотталғандардың денсаулық жағдайына шолу жасап, алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру жайлы сөз қозғады.
— ҚАЖД №60 мекемесімен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан Қызылорда қалалық №3 емханасының дәрігерлеріне алғыс айтамыз. Сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету — жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы болғандықтан, мекемедегі медицина қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайын басты назарда ұстап, барлық медициналық шараларын жасауда , – деді ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы.
Жиын соңында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы №60 мекеменің медициналық бөлімінің жұмысы, медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігі туралы оң пікір білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД