Жеке басындағы қиындық жаңа кәсіп бастауға қалай себеп болды?!

2019 жылы Ажигалиева Жанарға тізе буындарының артрозы диагнозы қойылды. Бұл аурудың салдарынан оның тізелері қатты сырқырап, бүгіліп-жазылмай қалатын халге душар болған. Бірнеше дәрі-дәрмектермен емдеу курсынан өткен, оның нәтижесінде ағзасында басқа проблемалар басталған. Ендігіде Жанардың асқазаны сыр бере бастайды, сөйтіп ол емделудің басқа жолдарын іздестіреді.

Бұл проблеманың шешімі оңай секілді көрінеді – небары дұрыс тамақтану керек. Күнделікті тоңазыма жеп отыру керек, ол ағзаға түскенде аминқышқылдарына ыдырап, буындардың, сүйектер мен шеміршектердің жағдайын жақсартады. Бірақ Жанар емделудің басқа жолын іздестіруді жөн көреді. Бірқатар әдебиеттермен танысқаннан кейін Жанар коллагенді сүйек сорпасының рецептін тауып алады. Бастапқыда сорпаны үйде жасап көреді, бірақ оның нәтижесі қаһарманымызды қанағаттандырмайды.

Үй сорпасынан өндірістік масштабқа дейінгі өсім

Осылайша дайындау технологиясын әзірлей алатын институтты іздестіру жұмысы басталып кетті. Ақырында Жанар Алматы Қайта өңдеу тағам өнеркәсібі институтын таңдап, онда академик Чоманов Уришбай Чомановичпен танысады. Институтпен келісім-шартқа отырған соң бірнеше айдан кейін көптен күткен технологиялық карта Жанардың қолына тиеді, тағы бірнеше ай өткен соң тауарлық белгі алынып, одан кейін араға бір жарым жыл салып пайдалы үлгі патентіне ие болады.  Сөйтіп, өз пайдалануына арналған өнім толыққанды бизнес-жобаға айналды.

Жанардың идеясын жүзеге асыру үшін Business Bilim білім беру бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Осы бағдарламаға  қатысып, бизнес-сарапшылармен жұмыс жасай бастаған уақытта сатылым 4 есе өсім көрсетті.  Business Bilim – бұл Батыс Қазақстан өңірінің жас және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерін оқытуға бағытталған жоба. Бұл жобаны үш облыстың әкімдіктерінің қолдауымен «Shell LiveWIRE» ғаламдық бағдарламасы аясында Еуропа Қайта құру және даму (ЕҚҚжДБ) мен Шелл Қазақстан компаниясы ұйымдастырған. «Shell LiveWIRE» бағдарламасы іске асырылып жатқан жылдар ішінде 2000-нан астам  бенефициар қамтылып, 600 жұмыс орны ашылған.

Aspir.kz өнімінің ерекшелігі оны 72 сағат бойы дайындау уақытында жатыр. Одан артық та, кем де емес, тура 72 сағат дайындалу керек. Дәл осы уақыт ішінде барлық қажетті пайдалы элементтер мен минералды заттар дұрыс гидролизденіп шығады. Дайын болған сұйық коллагеннің құрамында 18 аминқышқылы болады. Сорпаның дәмі бейтарапқа жатады, сол себепті оны балаларға да беруге болады. Сонымен қатар бүкіл өнім «Халал» белгісімен таңбаланады, бұл клиенттер базасының ұлғаюына ықпал етеді.

Сорпа — жалғыз жетістік емес

Біздің қаһарманымыз жай сұйық коллаген ғана өндіріп қоймай, өзін және өз бизнесін дамытуға тырысады. Соңғы жылдың өзінде  «Жарқыра», Business Bilim  секілді жобаларға, Атырау қаласы Кәсіпкерлер палатасының түрлі шараларына, тіпті, Astana Hub және Techno Woman жобаларына қатысқан. Сонымен қатар халықты өніммен таныстыру үшін еліміздің түрлі елдерінде бірнеше дәмін тату шараларын өткізген. Жақында сорпа негізінде әзірленген фаст-фуд ашу көзделіп отыр. Бұл жылдам, дәмді әрі пайдалы болмақ.

Жанар сорпа өндірісімен айналысып жүріп, екінші жағынан Санкт-Петербургте йога бойынша фитнес-нұсқаушы мамандығын меңгеріп алған. Себебі денсаулық үшін тамақтанудан басқа керілу де керек болды. Курсты аяқтаған соң Жанар адамдарға буынына зақым келтірместен керілу әдістерін үйрететін топтар да ашқан. Бірақ сорпа өндірісі басталып кеткен соң Жанар бұл ісін кейінге шегеріп қойған. Есесіне, қазіргі уақытта Aspir.kz өнімі бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіледі, ірі супермаркет желісінде, онлайн-дүкендерде сатылады және түрлі қалалардағы дистрибьюторлар арқылы өткізіледі. Қазіргі уақытта Атырауда бір айда көлемі 300 мл құрайтын 120 стақанға жуық сорпа сатылады. Астанада – 150 стақан, басқа өңірлерде жалпы саны 100 стақан өнім өткізіліп отырады. Болашақта Жанар Астана қаласында цех ашуды жоспарлап отыр, осының арқасында ол өнімді кез келген көлемде құйып сата бере алатын болады және сатып алушының ыдысына құйып береді. Бұл шығындарды азайтып, бизнесті экологиялық тұстан ұтымды ететін болады.