Жетісуда 329 елді мекенге таза су жеткізіледі

Жетісу облысында 2025 жылға арналған кезең-кезеңімен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, қазіргі уақытта 4 елді мекенде орталықтандырылған су жүйесін енгізу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, бұл жұмыстар: Алакөл ауданының Қоңыр ауылында, Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында, сонымен қатар, Ақсу ауданының Қопалы және Панфилов ауданының Жиделі ауылдарында блок-модульді қондырғылар (КБМ) орнату арқылы жүзеге асырылуда.

Аталған шаралардың нәтижесінде, биылғы жылы облыстағы барлық 329 елді мекен толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады!