Зияткерлік мектептің командасы робототехникадан «Daryn FIRST Championship-2024» жеңімпазы атанды

SDU University қабырғасында робототехникадан республикалық Daryn FIRST Championship чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Робототехника саласында  жылды бастаған тартысты дода 2 күнге созылып еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық оқушыны бір алаңға жинады.
Қатысушылар қазылар алқасын жасақтаған жобаларымен таныстырды, кодтау, роботты құрау әрі бағдарламалау бағыты бойынша  білімдерін көрсете білді.

Екі күндік сайыс нәтижесінде Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS командасы үздік үштікке кірді. PID командасының құрамындағы Зияткерлік мектеп оқушылары   «Winning Alliance 1st pick» және «Design Award» номинацияларын жеңіп алып   біріншіліктің басты жүлдесі —    Кипрде өтетін Cyprus FTC Championship- 2024   ашық чемпионатына жолдама алды. Жеңімпаздар наурыз айында құрлық біріншілігіне аттанып, Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

 Айта кетeтін бір жайт, өткен жылы   қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатында рекордтық нәтижелерге қол жеткізген еді. Әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысқан дүбірлі додада біздің отандастырымыз бас жүлдені жеңіп алып, әлем чемпионы атанған болатын.