3х3 баскетболынан «Almaty Quest» халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды

24 қыркүйек күні Алматы қаласында 3х3 баскетболынан «Almaty Quest» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Финалдық ойында ресейлік «Руна» командасы катарлық Al Shamal клубынан басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Үшінші орын сарапқа салынған ойында Беларуссиядан келген «Минск» командасы қазақстандық IMS Astana командасын жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Марапаттау рәсімінде ФИБА 3х3 басқарушы директоры Алекс Санчез сөз сөйлеп, турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Сондай-ақ, Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысы орынбасары Бекжан Онжан,  ҰБФ президенті Абай Алпамысов, сондай-ақ Neff Kazakhstan дамытушы компаниясының бас директоры Тарык Волкан Оскай жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттады.

Турнир қорытындысы :

1-орын: Руна (Ресей)
2-орын: Al Shamal (Катар)
3-орын: Minsk (Беларусь)

Chengdu Masters Әлемдік Туры (World Tur) жолдамасының жеңімпазы — Al Shamal (Катар)

«Shoot-out Contest» жеңімпазы — Ривхат Бабекенов

«Slam Dunk Contest» жеңімпазы — Руслан Лигай

Ұлттық баскетбол федерациясы барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтайды!

3х3 баскетболынан «Almaty Quest» халықаралық турниріне 6 қазақстандық және 10 шетелдік команда қатысты. Турнир жеңімпазы Chengdu Masters Әлемдік туры жолдамасына ие болды.