Glovo және Astana Hub Қазақстанда Glovo Startup Competition стартаптар байқауын өткізеді
Glovo компаниясы Astana Hub-пен бірлесе отырып, стартаптарға арналған Glovo Startup Competition байқауының басталғанын жариялайды. Бұл байқау Қазақстанда қызмет ететін стартаптар мен технологиялық компанияларға 35 мың еуроны құрайтын сыйақы қоры үшін және Glovo компаниясының Барселонадағы бас кеңсесінде екі апталық тағылымдамадан өту үшін күш сынасуға бірегей мүмкіндік береді.
Сыйақы қоры және марапаттар:
- 1-орын: 20 мың еуро + Барселонада тағылымдамадан өту
- 2-орын: 10 мың еуро + Барселонада тағылымдамадан өту
- 3-орын: 5 мың еуро
Қатысу шарттары: Glovo Startup Competition байқауына қатысу үшін стартаптар келесі шарттарға сай болулары тиіс:
- MVP, PMF немесе Scale кезеңінде болу.
- Әзірленген жұмыс прототипінің болуы (hardware-стартаптары үшін).
- Қазақстанда тіркелген болуы және Қазақстанда қызмет етуі тиіс, өз-өзін қазақ стартапы ретінде таныстыру керек.
Сонымен қатар, тұрақты клиенттері, сатылымдары және тартылған инвестицияларының болуы құпталады.
Өтінім беру мерзімі: Байқауға қатысуға өтінімдер 12 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін қабылданады.
Іріктеу нәтижелері бойынша 12 ең үздік команда өздерінің стартаптарын ұсыну мүмкіндігіне ие болып, ақшалай сыйлық үшін бақ сынасып көреді. Финалға қатысушылардың барлығы Барселонада тағылымдамадан өтуге қатысты ұшып бару және қоныстау шығынының өтемақысын алады.
Финалға дайындалу: Жобаға қатысушылар индустрияның жетекші сарапшыларынан, оның ішінде Glovo компаниясының негізін құрушылардың бірі Саша Мишодан жеке кеңестер алатын болады.
Glovo Startup Competition байқауы – бұл қазақстандық стартаптар үшін халықаралық алаңға шығуға және технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы жетекші мамандардан құнды білім алып, тәжірибе алмасуға бірден бір мүмкіндік. Байқауға қатысып, үлкен инновациялық қоғамдастықтың бір бөлігіне айналу мүмкіндігінен айырылып қалмаңыз!
Қосымша ақпарат алу және өтінім тастау үшін мына сілтемені басыңыз.
https://docs.google.com/forms/d/1RPf-2HIFCRvLgEgEgUEguSKuvh8-hktufaS-34utiEY/edit