Музыкалық драма «Ұлжанның» алғашқы бөлімдерінің тұсаукесері Алматыда өтті

Алматыда QYZQARAS FILM FESTIVAL 2025 аясында жаңа қазақстандық «Ұлжан» сериалының алғашқы үш бөлімінің эксклюзивті көрсетілімі өтті.
Сериал қазақстандық ауылдан шыққан жас рэпер қыздың хикаясын баяндайды. Музыка әлемінде өз орнын табуды армандаған Ұлжан үлкен шоуға қатысып, әкесіне өз еркіндігін дәлелдеу үшін тәуекелге барып, өзін жігіт кейпінде көрсетеді.
«Ұлжан» – бұл ержету, өзіндік үнін табу және өз болмысыңды сақтап қалу құқығы жайлы хикая.Сюжет хип-хоптың серпініне толы, шынайы сезімдерге бай әрі әрбір арман жолында күрескен жанның жүрегіне жететін сәттермен өрілген.
Көрсетілімнің арнайы қонағы – режиссёр әрі сценарист Яна Скопина. Ол батыл тақырып таңдауы және әйелдер тарихына айрықша көңіл бөлуімен танымал. Оның жобаларында жеке болмыс пен өзін еркін білдіру мәселелері көтеріледі, ал еңбектері халықаралық фестивальдерде мойындалған.

Яны Скопина:
“Ұлжан — табанды, кей сәтте тіпті қырсық. Ол еш мойымайды, мәмілеге оңайлықпен келмейді. Айналасын түгел алдау шырмап алғанымен, оның жүрегі адал да шынайы қалпында қалады. Оның шынайы күші — ішкі ақиқаты үшін барынан бас тартуға даярлығында. Сол адалдығы мен табандылығы — оның шабыт көзі, оның өмірлік жолы.
“Ұлжан” – менің авторлық сапарымдағы шағын өмір сияқты: идеядан бастап тұсаукесерге дейінгі үш жылдық жол. Ұлжан – менің ішкі қызымның бір бөлігі: еркін, қиялшыл, әлем мен адамдарға нәзік қарай білетін, қорықпай алға ұмтылатын жан. Сонымен қатар, Ұлжан – менімен бірге осы қиын шығармашылық жолдан өткен командам: оларға шексіз алғысымды білдіремін.
«Ұлжан» — менің авторлық сериалым, ол Freedom Media платформасының арқасында өмірге келді, және мен бұған өте қуаныштымын!” – дейді режиссер.
Күзде көрермендерді «Ұлжан» сериалының тұсаукесері күтеді — бұл арман, еркіндік және өзін іздеу туралы шабыттандыратын туынды.
Telegram-канал: Музыкалық драма «Ұлжанның» алғашқы бөлімдерінің тұсаукесері Алматыда өтті



