Филиппа Харрисон – Рас-әл-Хайма туризмін дамыту департаментінің жаңа бас директоры

SYDNEY, AUSTRALIA - DECEMBER 5 & 6:Tourism Australia Headshots on December 5 & 6, 2024
Рас-әл-Хайма әмірлігінің Үкіметі туризм саласының әлемдік деңгейдегі сарапшысы Филиппа Харрисонды Туризмді дамыту департаментінің (RAKTDA) жаңа бас директоры етіп тағайындағанын хабарлады.
Харрисон ханым бұған дейін Австралия Үкіметінің «Tourism Australia» агенттігін басқарған. Енді ол халықаралық туризм саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, Рас-әл-Хайманы «болашақтың туристік бағыты» ретінде жаһандық деңгейде ілгерілету стратегиясын жүзеге асыратын болады.
Атқарушы комитет төрағасы шейх Ахмед бин Сауд әл Қасими:
«Туризм – әмірліктің даму стратегиясындағы басты бағыттардың бірі. Бұл сектор қысқа мерзім ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Харрисон ханымның білім-білігі мен басқарудағы тәжірибесі, соның ішінде ‘Tourism Australia’ агенттігіндегі жұмысы, біздің туризмдегі батыл мақсаттарымызды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді»
«Осындай жауапты кезеңде командаға қосылғаныма қуаныштымын. Рас-әл-Хайма өзін халықаралық деңгейде табысты туристік бренд ретінде көрсетті. Әмірліктің туризмін одан әрі дамытуға үлес қосуға ынталымын», – деп Филиппа Харрисон өз пікірін білдірді.
Бұл тағайындау әмірлік Үкіметінің тұрақты туризм саласындағы жаһандық көшбасшылықты нығайту жоспарына сай келеді. 2025 жылдың алғашқы жартысында Рас-әл-Хайма рекордтық 650 мың турист қабылдап, 2030 жылға қарай жылына 3,5 миллионнан астам қонақ тартуды көздеп отыр.
Рас-эль-Хайма 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында туризм саласында рекорд жаңартты
Рас-әл-Хайма — БАӘ-нің көлемі бойынша төртінші әмірлігі. Табиғи әсемдігімен, бай тарихи мұрасымен және стратегиялық дамуымен ерекшеленеді. Әмірлік тұрақты даму, әлеуметтік прогресс, инновация және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына сүйене отырып, өмір сүруге, жұмыс істеуге және инвестиция салуға қолайлы аймаққа айналды.
Географиялық тұрғыдан ол Еуропа, Азия және Африка қиылысында орналасқан. Әлем халқының үштен бірі Рас-әл-Хаймаға 4 сағаттан аз уақытта жете алады. Әмірлік экономикасы әртараптандырылған, бірде-бір сектор жалпы ішкі өнімнің 27%-нан артық үлеске ие емес, бұл аймақтың икемділігін арттырады.
Бизнес жүргізуге жағдай өте қолайлы: 100% шетелдік меншік құқығы, жеке табыс салығының болмауы, әлемдегі ең төмен корпоративтік салық мөлшерлемелерінің бірі және Дүниежүзілік банк мойындаған сенімді құқықтық жүйе.
Інжу ізімен: Рас-эль-Хаймадағы Suwaidi Pearls фермасына таңғажайып сапар
Әмірлік 50 мыңнан астам компанияға мекен, олардың қатарында RAK Ceramics пен Julphar секілді алпауыттар бар. RAKEZ және RAK Digital Assets Oasis индустриялық және цифрлық секторлардың дамуына серпін беріп отыр. Соңғы 15 жыл бойы халықаралық агенттіктер Fitch және Standard & Poor’s Рас-әл-Хайма экономикасына тұрақты «A» рейтингі беріп келеді, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш «A+» деңгейіне көтерілді.
Рас-әл-Хаймада 150 елден келген 400 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Әмірлік Wynn, Four Seasons, Nobu, Waldorf Astoria, DoubleTree by Hilton Resort & Spa Marjan Island және Ritz-Carlton секілді әлемдік брендтердің ірі қонақүй жобаларына үй болып отыр. Сонымен қатар, RAK Central жобасы жаңа заманауи кеңселер мен экологиялық тұрғын үйлерді ұсынып, қаланың келбетін өзгертуде.
7 мың жылдан асатын тарихы бар бай мәдени мұра мен табиғи сұлулық аймақты туристер үшін одан әрі тартымды етеді. Жыл бойы шуақты ауа райы, қарапайым бизнес-тіркеу рәсімдері мен өмір сүрудің жоғары әрі қолжетімді деңгейі Рас-әл-Хайманы өмір сүру мен кәсіпкерлікке ыңғайлы орынға айналдырады.



