JET қауіпсіздікті арттыру үшін электр самокаттарында үлкен нөмірлер жүйесін енгізуде

Қазақстандағы жетекші кикшеринг операторы болып табылатын JET қауіпсіздікті жақсарту және электр самокаттарының пайдаланылуын бақылау бойынша жаңа бастаманың іске қосылғанын хабарлайды. Компания өз паркін үлкейтілген нөмірлермен жабдықтауға кірісті, олар бірінші кезекте Алматыда пайда болады, содан кейін Астанада таралады.

Электр самокаттарын жақсырақ сәйкестендіру жолдардағы қауіпсіздікті бақылау мен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементіне айналады. Үлкейтілген нөмірлер көлік құралдарын алыстан айырып тануға, бұзушылықтар болған жағдайда аккаунт иелерін анықтауға және азаматтардың өтініштерін қарауға мүмкіндік береді.

Бұл іс-шараны JET Бас атқарушы директоры Мусалав Әлібеков:

“Зерттеулерге сәйкес, электр самокаттары әлемдегі ең қауіпсіз көліктердің бірі болып табылады. JET оны пайдалануды одан да қауіпсіз етуге тырысады. Үлкен нөмірлер орнату — компанияның тәртіпті нығайту жөніндегі стратегиясын жүзеге асырудың келесі кезеңі. Үлкейтілген нөмірлерге зақым келтіруге, жасыруға немесе жоюға бағытталған кез келген әрекет мүлікке қасақана зиян келтіру ретінде қарастырылады және тиісті санкцияларға әкеп соғады”

Бұзушылық туралы қалай хабарлауға болады

Қала тұрғындары бұзушылықтар туралы Telegram-дағы JET қолдау боты арқылы хабарлай алады: @JETKZBOT. Өтінішті өңдеу үшін мыналар қажет:

  • Фотосуретте немесе бейнеде самокаттың нөмірі көрінуі тиіс;
  • Бұзушылықтың күнін, нақты уақытын және геолокациясын көрсету керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін JET кикшеринг қызметі электр самокаттарын ақпараттық аспалармен жабдықтады және Қазақстанда алғаш рет айыппұлдар жүйесін енгізді. Осылайша, алғашқы 2 айда 3462 айыппұл салынды. Жиі кездесетін бұзушылық – тұраққа дұрыс қоймау болды — 3360 дерек. Екінші орында — электр самокатының істен шығуы (165 бұзушылық). Тағы тіркелген 131 жағдай — екі адамның мінгесіп жүруі.

Компания Қазақстан жолдарында көлік жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шешімдерді енгізуді жалғастырады.