SANTO компаниясы мен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
24 ақпанда SANTO фармацевтикалық зауытына Қазақстан Республикасының ірі клиникалары мен медициналық орталықтары басшыларының делегациясы келді. Аталған іс-шараның басты оқиғасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі болды. Құжатқа SANTO компаниясының Бас директорының міндетін атқарушы Әділхан Темірбеков және медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой қол қойды. Тараптар бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісті.
Қабылданған міндеттемелер шеңберінде меморандумға қатысушылар практикалық тәжірибе алмасуға, жаңа медициналық және фармацевтикалық технологиялар туралы ақпаратпен бөлісуге, халықаралық жобаларда ынтымақтасуға ниетті. Сондай-ақ, тараптар ғылыми семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға, клиникалық зерттеулер жүргізу, консультациялық және сараптамалық көмек көрсету саласында серіктес болуға ниетті.
Іс-шараға қатысушылар үшін зауыт бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында олар ампулалар мен инфузиялар өндіру цехына барды, цифрлық білім беру орталығының қызметімен танысты, онда инженерлік факультеттердің қызметкерлері өз біліктіліктерін арттырып, студенттері білім алуда. Зауыт өкілдері серіктестерге кәсіпорынның тарихы, инвестициялық жобаның іске асырылу барысы және SANTO жаңа жоспарлары мен жобалары туралы айтып берді.
«SANTO компаниясы қазақстандықтарды қауіпсіз және тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін өзінің инвестициялық бағдарламасы мен ғылыми-зерттеу әлеуетін табысты дамытуда. Біз күрделі геосаяси жағдайларда ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз және Қазақстан халқының денсаулығын одан әрі сақтауға дайынбыз. Осы Меморандумға қол қою-біздің дамуымыздың және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне интеграцияның жаңа кезеңі. Біз жетекші және заманауи клиника болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығымен сенім мен әріптестікті өте жоғары бағалаймыз. Біздің ынтымақтастығымыз жемісті болатынына сенімдіміз. Біз бірге адамдарға салауатты әлемде салауатты өмір сүруге көмектесеміз», — деді SANTO бас директорының міндетін атқарушы Әділхан Темірбеков.