Жаңа маусымда JET микромобильдік саласында 200 жұмыс орнын құрды

Отандық кикшеринг JET Қазақстанда жаңа маусымға белсенді дайындықты бастады. Сервистің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін микромобильдік саласында 200 жаңа жұмыс орны ашылды. Бос орындардың едәуір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы жастарға ұсынылды.
Қазіргі таңда жас мамандар микромобильдік бағыттағы түрлі мамандықтар бойынша оқудан өтуде. Бірқатар қызметтер дала жұмыстарымен байланысты: электрсамокаттарды техникалық қызметпен қамту, қаладағы тәртіпті сақтау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау. Ал басқа бөлігі JET сервистік орталығындағы техникалық мамандарға тиесілі — мұнда компания флотты тестілеу, жөндеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту және детейлинг жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Клиенттерге қамқорлық көрсету қызметінде де жаңа позициялар ашылды.
«Микромобильдік қалалық көлік экожүйесінің ажырамас бөлігіне айналуда. Қала тұрғындарына тез, ыңғайлы әрі экологиялық тұрғыда таза қозғалыс маңызды. Сондықтан қалалар дамыған сайын сервистің тәртібін, қолжетімділігін, техникалық жарамдылығын және пайдаланушыларды қолдауды қамтамасыз ететін мамандарға сұраныс артып келеді. Біз оқыту, стандарттар мен ішкі процестер арқылы жауапты шеринг мәдениетін қалыптастырамыз — сервис тұрғындарға ыңғайлы болып, қалалық ортаға дұрыс ықпалдасуы тиіс», — деді Раим Аскаров, JET компаниясының Қазақстандағы даму жөніндегі директоры.
Компанияда әрбір қызметкер үшін мансаптық өсу мүмкіндігі бар екені де атап өтілді. Жылдар ішінде экспедиторлар, инженерлер мен ревизорлар басшылық деңгейіне дейін көтеріліп, ал жетекшілер сервисті басқа елдердегі жаңа қалаларда іске қосуға аттанған.
Қазақстан аумағындағы JET компаниясындағы өзекті бос жұмыс орындарының тізімімен hh.kz/jetsharing және linkedin.com/jetsharing сілтемелері арқылы танысуға болады.



