Yandex Qazaqstan компаниясы B2B сервистерін корпоративтік клиенттерге арналған бағытқа біріктірді

Yandex Qazaqstan компанияның B2B сервистерін бірыңғай бренд бағытына біріктірді. Yandex Qazaqstan / business компанияларға бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған, оның ішінде ЖИ-агенттердің көмегімен әзірленген ІТ-шешімдерді ұсынады.
Компания серіктестері Яндекс дайын шешімдерін енгізе алады және оның технологиясы негізінде өз өнімдерін әзірлей алады.
Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шалекенов бұл өзгеріс туралы былай деді:
«Біз компанияларға түрлі бизнес міндеттерін тиімді шешуге және ресурстарды оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін кешенді инфрақұрылымды пайдалануды ұсынғымыз келеді. Сервистерді бір бағытқа біріктіру – осы жолдағы алғашқы қадам»
Жаңа бағыт аясында бірнеше сервис біріктіріліп отыр: Yandex Cloud, Яндекс 360 виртуалды кеңсесі, ұйымдарға арналған Яндекс Браузер, Yandex Ads, АРІ Яндекс Карт, бизнеске арналған Яндекс Go және тағы басқалары.
Yandex Qazaqstan ұсынған 25-тен астам сервисті 11 миллионнан астам пайдаланушы қолданады. Корпоративтік бағыт компанияның жоғары жүктемелерді күн сайын өңдейтін инфрақұрылымы мен технологиялық шешімдерінеқол жеткізуге мүмкіндік береді.




