Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі талап етілмейтін ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындарының рейтингі

inDrive.Жұмыс – бос жұмыс орындарын іздеуге арналған inDrive компаниясының сервисі – Қазақстанда 2022 жылы іске қосылды және бір жылдан аз уақыт ішінде ол Астана мен Алматы қалаларындағы бос жұмыс орындары нарығының 15%-дан астам үлесін иеленді. Сервис жүк тиеушілер, күзетшілер, жүргізушілер, кассирлер және басқа да мамандықтар бойынша жұмыс табуға немесе жұмыс іздеушілерді іріктеп алуға көмектеседі. inDrive.Жұмыс мамандары жұмыс тәжірибесі талап етілмейтін ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындарының рейтингін жасады (Астана және Алматы қалалары бойынша).

№1. Сату менеджері – 450 мың теңгеге дейін

Бөлшек сауда саласында жұмыс тәжірибесі қажет емес ең жоғары ақы төленетін позиция сату менеджері болып табылады: ұсынылатын жалақы 450 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл көбінесе қызметкер жалақының бір бөлігін сатудан бонус ретінде алатындығымен байланысты. Жоспарды орындаса – бонус алады, орындамаса – тек негізгі жалақы беріледі.

№2. Даяшы – 350 мың теңгеге дейін

Тамақтану саласында позиция тапқысы келетін адамдар 350 мың теңгеге дейінгі жалақыға үміттене алады — даяшыларға және дәмханалар мен мейрамханаларда жұмыс істейтін басқа қызметкерлерге де жұмыс тәжірибесі болмаса да осы жалақыны ұсынады. Бұл салада тілдерді білуге және қарым-қатынас жасай білуге көп көңіл бөлінеді.

№3. Автокөлік жуушы – 300 мың теңге

Автокөлік жуушы позициясы үздік үштікті жабады. Күрделі жұмыс жағдайлары мен физикалық жүктемелер үміткерлер үшін, әсіресе жұмыс тәжірибесі жоқтар үшін кедергі болып табылады, сондықтан жұмыс берушілер мұндай ақшаны төлеуге дайын.

Жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлер үшін ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындары (350-450 мың теңге): 1. Сауда; 2. Тамақтану; 3. Көлік жуу.

Жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлердің ең төменгі жалақысы (100-200 мың теңге): 1. Хатшы; 2. Сауда залының қызметкері; 3. Жапсырушы.

«inDrive.Жұмыс – бұл жұмыс іздеуге бағдарланған түбегейлі жаңа сервис: сервистегі барлық бос жұмыс орындары видео форматында ұсынылған. Онда бірден болашақ жұмыс орныңызды көруге, өзіңіздің қызметтік міндеттеріңізбен егжей-тегжейлі танысуға, тіпті демалуға немесе түскі ас ішуге арналған орынның қандай болатынын көруге болады. Егер бұрын бұл үшін арнайы уақыт бөліп, сұхбаттасуға бару керек болса, енді inDrive.Жұмыста осының бәрін үйден шықпай-ақ TikTok сияқты қызықты қысқа видеолар арқылы білуге болады – деп түсіндіреді Қазақстандағы сервис басшысы Артур Шаймухамбетов. — Біз жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің уақытын үнемдейміз. Біз екі тарапқа да жұмыс іздеудің жеңіл әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде біздің сервис Burger King, Kcell, KFC, METRO, CoffeeBoom, Europharma, Qazaq Oil, «Детский мир» және басқа да көптеген танымал ірі брендтермен  ынтымақтастықта жұмыс істейді»

 

Компания туралы

inDrive – жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы, штаб-пәтері АҚШ, Калифорния, Маунтин-Вью қаласында орналасқан. inDrive қосымшасы сапарларға тапсырыс беру бойынша әлемдегі ең көп жүктелетін екінші қосымша болып табылады, бүгінгі таңда қосымша 175 миллионнан астам рет жүктеген. Сапарлардан басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалы, мастер шақыру, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеу сияқты түрлі қалалық қызметтер түрін ұсынады.

inDrive 47 елдің 614-тен астам қаласында бар. Компания білім беруді, спортты, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін қолдау бағдарламалары мен келісімшарттық төлем моделі арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды. 

Толық ақпарат  www.inDrive.com сайтында.