Алматыда электронды темекіні заңсыз сату арнасы жойылды
ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметінің жолын ҚМА Алматы қалалық Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.
Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз.
Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз.