HONOR Қазақстандағы негізгі сауда желілерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
HONOR ғаламдық технологиялық бренді Қазақстан нарығында өз орнын нығайтты. Әлемдегі жетекші зияткерлік құрылғылар өндірушілерінің бірі Mechta.kz, Technodom, Sulpak, Evrika сынды негізгі сауда желілерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат HONOR өнімдерін сатуға ғана емес, сонымен қатар оларды нарықта, оның ішінде бірлескен маркетингтік іс-шаралар түрінде жылжытуға өзара қызығушылықты көрсетеді. Меморандум үш жылға жарамды. Оның арқасында HONOR серіктестерімен бірге компания өнімдерін қазақстандық нарықтағы көшбасшылардың біріне айналдыратын жол картасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанда HONOR смартфондарының сатылымы жалғыз Mechta.kz ритейлерімен басталды. Бүгінде біздің өнімдер елдің барлық негізгі сауда желілерінде ұсынылған. Біз өз клиенттеріміздің тілектерін ескере отырып, сатушылар желісін кеңейттік. Смартфондардан бөлек, электронды девайстардың тұтас экожүйесі ұсынылған HONOR құрылғылары Қазақстанның барлық аймақтарында, Mechta.kz, Technodom, Sulpak, Evrika, DNS және Vokk желілерінде қолжетімді» — дейді Джонибек Вэй, HONOR-тың Қазақстандағы және Моңғолиядағы аймақтық директоры.
HONOR өнімдер желісі Қазақстанда төмен баға сегментіне жататын, бірақ флагмандық сипаттамаларды көрсететін X сериялы құрылғылармен ұсынылған. Смартфондардың осы сериясының басты миссиясы – соңғы технологияларды баршаға қолжетімді ету. Сонымен қатар, сауда желілерінде қазіргі уақытта ең танымал және орташа баға сегментіне жататын смартфондардың нөмірленген сериясы – ең жаңа HONOR 90 қолжетімді. Премиалды флагмандық сериясы HONOR Magic те қазақстандықтарға қолжетімді. HONOR Magic5 Pro смартфоны осы жылдың маусым айында сатылымға шықты. Қазақстандықтар смартфондардан басқа, HONOR ноутбуктерін, сымсыз құлаққаптарды және смарт сағаттарды сатып ала алады.