Сюзанн Хофманнның «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» кітабы таныстырылды
Алматыда сәулетші Сюзанн Хофман алғаш рет ашық дәрістер жүргізіп, қазақ және орыс тілдерінде «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапты Die Baupiloten берлиндік сәулет бюросының жетекшісі және техника ғылымдарының докторы Сюзанн Хофманнмен жазған. Еуропадағы бірлесіп қатысатын жобалаудың жетекші теоретигі әрі практигі әзірлеу процесіне болашақ нысандар пайдаланушыларын тартудың авторлық әдістерін қолдана отырып, ондаған қоғамдық ғимараттар мен тұтас аудандардың жобаларын жүзеге асыруымен танымал. 2023 жылы Urban Forum Kazakhstan Қазақстандағы Роза Люксембург Қоры Өкілдігінің қолдауымен алғаш рет сәулетшінің кітабын қазақ және орыс тілдеріне аударды. Сюзанн Хофманн кітаптардың Алматыдағы тұсаукесеріне қатысып, кең аудиторияға дәріс оқыды.
Әділ Нұрмақов, Urban Forum Kazakhstan қорының директоры:
«Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» кітабы адамдарды жобалауға тарту философиясы және Сюзанның әр жастағы тұрғындардың, қоғамдық орындар мен ғимараттарды пайдаланушыларды тартудағы сәтті жұмысының тәжірибелік үлгілері туралы баяндайды. Еуропадағы ең беделді сарапшының осы бағыттағы әдістемесі қазақстандық сәулетшілер мен урбан белсенділеріне қоғамдық мүдде мен қауысдастықтың өзекті сұраныстарын ескере отырып, партисипаторлық жобаларды іске асыруда жақсы көмек болады»
Сонымен қатар, Сюзанн Хофманн Қазақстанның түрлі қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан келген сәулетшілер, жобалаушылар мен белсенділер үшін «Сәулеттегі бірлесіп жобалау» атты тәжірибелік семинарын өткізді. Қатысушылар сәулетте бірлесіп жобалаудың әртүрлі аспектілері мен әдістемелерін қарастырып, талқылады. Семинар қатысушылардың тәжірибелік дағдылары мен білімдерін дамытуға, сондай-ақ диалог пен тәжірибе алмасуын ынталандыруға бағытталған.
Валерия Хусаева, урбанистика орталығының жетекшісі, Қарағанды қ.: «Сюзанның осындай материалмен келгені тамаша болды, өйткені урбанистер – біздерге – іргетас ретінде негізі қаланатын базалық дүниелер жетіспейді. Осының бәрі оның «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» атты кітабында жазылған. Кітаптың тұсаукесерінде біз оның айтқан әдістерін жұмысмызда қолдану керектігін түсіндік. Біздің басты ресурсымыз – бұл адам, сондықтан біз қарағандылықтардың пікірлерін тыңдап және оларды есепке ала отырып, қаланы сәулеттендіруді жалғастырамыз».
Хикоят Салимова, зерттеуші, урбанист, Өзбекстан, Ташкент қаласы: «Үлкен қалалық жобаларды жоспарлау барысында қала тұрғындарының пікірі жиі есепке алынбайды. Меніңше, бұл мәселе бүкіл посткеңестік өңірлерде айқын байқалады. Орталық Азия қалаларының проблемасы – олардың даму деңгейі өте жоғары болғанымен, бірақ халықтың дауысы ескерілмейді. Адамдар өз қалаларына риза болуы үшін нәтижені тек құрылыс аяқталған кезде ғана көрсетпей, тұрғындарды жобалау кезеңінде осы үдеріске тарту қажет. Бізде азаматтық қоғамымыз өте белсенді, сол себепті адамдар қалалардағы өздеріне жайлы емес өзгерістерге көнбейді. Тұрғындардың наразылығын тудырмау үшін азаматтарды қазірден бастап осы іске тарту өте қажет. Мысалы, Алматыда азаматтардың қатысуымен жасалынатын жобалар пайда бола бастады, Ташкентте әзірге мұндай тәжірибе жоқ».
Марлис Линке, Орталық Азиядағы Роза Люксембург Қоры Өкілдігінің жетекшісі: «Қалалық кеңістікті бірлесіп жобалау тәжірибесі әлемнің әр шалғайындағы қалаларда сұранысқа ие бола бастады. Қалаға деген өз құқығын жүзеге асыра отырып, азаматтар өз айналасындағы жайлы кеңістікті қалыптастыруға көмектесумен қатар, осы іске атсалысу, жауапкершілік пен өзін-өзі басқару мәдениетін де дамытады. Белгілі сәулетші Сюзанн Хофманның «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» кітабын қазақ және орыс тілдеріне аудару алғаш рет жүзеге асырылды және, қалалық кеңістікті бірлесіп жобалау тәжірибесі тек Қазақстан қалаларын ғана емес, сондай- ақ бүкіл Орталық Азияны да дамытуға ықпал ететіні сөзсіз».
Кітаптардың аудармасы, семинар мен Сюзанн Хофманның сапарын Қазақстандағы Роза Люксембург қоры өкілдігінің қолдауымен Urban Forum Kazakhstan ұйымдастырды.